28.02.2011
«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңғыртылуына 8 млн доллар инвестиция салмақ. BNews.kz

«Қазақмыс» Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңғыртылуына 8 млн доллар инвестиция салмақ.   BNews.kz

 

«Қазақмыс» қазақстандық металлургиялық тобы 2011 жылы » Жезқазған мыс балқыту зауытының жаңғыртылуына 8 млн доллар инвестиция салмақ, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Хабарламада көрсетілгендей, қазіргі кезде зауытта жабдықтарды жаңғырту және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, аймақ экологиясына өндірістік әрекеттің жағымсыз ықпалын азайту мәселелері шешіліп жатыр.

Өнеркәсіпте №2 кенішті-термикалық пешіне күрделі жөндеу жүргізілді, шихта дайындау цехының сүзгішті-кептіру бөлімінде үш жаңа керамикалық сүзгіш іске қосылды.

Ұзақ мерзімді қолдану мүмкіндігі бар жаңа полимербетонды ванналарды орнату арқылы электр қуаты шығыны төмендеп, шламды түсіру жұмысы жеңілдеп, сонымен қатар, ақаулар 8%-дан 1,5%-ға азайды.

Жұма күні 40 жылдық мерейтойын атап өтетін зауыт қазіргі кезде шикізатты кешенді қолдану ұстанымына негізделіп, қара және тазартылған мыс, мыстың күкірт қышқылды түзуі, күкірт қышқылы, алтын мен күмістен тұратын мыс электролитті шламы, құрамында қорғасын бар шаңы, аммоний перренаты және рений тұзын шығарады.

BNews.kz