25.02.2011
«Қазақмыс» 2011 жылы ШҚО-нда арнайы жобаларға 1,2 млрд аса теңге бөледі. Қазақстан жаңалықтары

«Қазақмыс» 2011 жылы ШҚО-нда арнайы жобаларға 1,2 млрд аса теңге бөледі

Қазақмыс Тобы мен Шығыс-Қазақстан облысының әкімдігі 2011 жылға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған сәйкес бөлінетін қаражаттың жалпы сомасы 1,2 миллиардтан  астам теңгені құрайтын болады. 

Меморандумның аясында Топ облыстың түрлі аудандарындағы ауруханаларды, профилакторийлер мен мектеп жасына дейінгі мекемелерді қамтитын білім беру орындары мен медициналық мекемелерде жөндеу жұмыстарын өткізуге қаражат салуға ниетті. Айрықша, облыстың Бородулиха ауданындағы Жезкент поселкесінің балалар бақшасына қаржылай көмек көрсетілмек, деп аталған баспасөз релизінде.  

Қазақмыс Тобы облыстың бірқатар елді мекендеріндегі жылу және электр желілерін қайта жаңғыртуға әрі су құбыры-канализациялық жүйелеріне капиталдық жөндеу жасауға да қаражат бөледі. 

Көп жылдан бері Қазақмыс әкімдіктің әлеуметтік бағдарламасын қолдап келеді. Компанияның қаржылық қолдауының арқасында стадионды қайта жаңғырту, автомобиль жолдарын жөндеу мен бірқатар мәдениет және білім беру нысандарының құрылысы өткізілді.

Қазақстан жаңалықтары