18.02.2011
Павлодар облысы ҮИИД бағдарламасының барлық өлшемдері бойынша белсенді жұмыс істеуде. ҚазАқпарат

Павлодар облысы ҮИИД бағдарламасының барлық өлшемдері бойынша белсенді жұмыс істеуде.   ҚазАқпарат

«Павлодар облысындағы барлық энергетикалық жобалар жұмыс істеуде, қаржыландыру бар,

барлығы дәл уақытында пайдалануға берілетін болады», - деп атап өтті бейсенбі күні Екібастұз ЖЭС-1 нысанында болған ҚР вице-премьері-Индустрия және жаңа технологиялар министрі  Әсет Исекешев.

ҚазАқпарат бұрын хабарлағандай, 17 ақпаннан бастап  Әсет Исекешев Павлодар облысына жұмыс сапарымен жүр.

Электр стансада Ә.Исекешевке инвестициялық бағдарлама таныстырылып, оның жүзеге асырылу барысы туралы айтылды.

Осында 2012 жылы Қазақстанның электр қуаттағы ресурстық сұранысын қамтамасыз ететін, республикамыздың экспорттық әлеуетін арттыратын  №8 блокты орнату жұмыстары басталған. Инвестиция көлемі 23,4 млрд. теңгені құрайды, жобалық қуаттылығы - 500 МВт.

Және де үшінші энергоблок құрастырылатын ЖЭС-2 мен  2017 жылы көмір қазу көлемін 40 млн. тоннаға жеткізуді көздеп отырған «Богатырь Көмір» ЖШС  да өздерінің инвестициялық бағдарламаларын таныстырды.

«Қазақстан вагонқұрастыру  компаниясы» ЖШС-да жүк вагондарын шығару игеріліп, екінші кешеннің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан толықтай жұмыс істей бастайтын  2011 жылдың соңында Екібастұзда жылына 2,5 мың вагон шығарылатын болады, бұл отандық кәсіпорындардағы жүк парктерінің жаңаруын қамтамасыз етеді.

Және осы жерде Индустрия және жаңа технологиялар министрі  «Проммашкомплект» ЖШС-ның инвестициялық жобасымен таныс болды.

Өңірдегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысына тоқтала отырып Әсет Исекешев: «Павлодар облысы республикадағы көшбасшы аймақтардың бірі, жаңа нысандарды іске қосып, қазіргі жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта жаңғыртуда. Біз барған барлық кәсіпорындар ірі жобаларды жүзеге асыруда, ірі көлемде өнім өндіріп,  экспортқа шығып жатыр, бұл әрине, қуантарлық жағдай», - деп атап өтті.

ҚазАқпарат