Четверг, 30 Апрель 2015

Kaz Minerals 2015 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік қызметін қорытындылады

2015 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KAZ Minerals Тобы 19,1 мың тонна катодты мыс өндірді. Өндіріс қарқыны жыл соңына қарай жоспарлы 80-85 мың тонна мыс өндіруге мүмкіндік береді. Концентраттағы мыс өндірісі 21,5 мың тоннаны құрады.

 

Есепті кезең ішінде Топ 1,05 млн тонн кен өндірді, кен құрамындағы мыстың орташа мөлшері 2,31% құрады.

 

Ілеспе өнімдер өндірісі компания жоспарлап отырған көрсеткіштерге сай келеді. Бірінші тоқсанда 2015 жылға жоспарланған 90-95 мың тонна концентраттағы мыстың 25,1 мың тоннасы өндірілді. Күміс өндірісі 895 мың унцияны құрады (2015 жылға арналған болжам: 2,2-2,5 млн унция). 2015 жылы жоспарлы тау-кен жұмыстарының уақытша іліспе өнімдерге жұтаң учаскелерде (бірінші кезекте, Артемьев кенішінде) жүргізілуіне байланысты Шығыс Қазақстанда ілеспе өнімдер өндірісінің төмендеуі күтілуде.

 

Бірінші тоқсанда 6,4 мың унция алтын өндірілді. Үш айдың ішінде Топ 10,7 мың тонна концентраттағы алтын өндірді. Алайда, есепті кезеңде оның барлық көлемі өңделген жоқ және ол дайын өнім ретінде алдағы айларда ұсынылатын болады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылы Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде алтын өндіру көлемі арта түседі және бұл 42-47 мың унция көлеміндегі жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша KAZ Minerals-тың таза берешегі 1,29 млрд.АҚШ долларын құрады. 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жағдаймен салыстырғанда берешектің өсуіне (962 млн АҚШ доллары) Бозшакөл мен Ақтоғай даму жобаларының жүзеге асырылуына, несиелік желі бойынша пайыздарды төлеуге, және ПҚӨС пен табыс салығының төленуіне қатысты жоспарлы шығындар себеп болды. 

 

«Шығыс аймақтағы кәсіпорындардың жоғары өнімділігі 2015 жылы жалпы Топ қызметіне  жақсы серпін берді. Біз бұрынғыдай мыс өндіруге ден қойып, биыл жоспарланғандай 80-85 мың тонна катодты мыс өндіруге дайынбыз», - деп мәлімдеді KAZ Minerals Тобының Басқарма Төрағасы Олег Новачук.