Понедельник, 30 Март 2015

Мыс балқыту зауытының құрылысын тұжырымдамалық зерттеу туралы келісімге қол қойылды

KAZ Minerals Тобы Baiyin Nonferrous Group Co., Ltd. компаниясымен Қазақстанда мыс балқыту зауытының құрылысы жобасы бойынша ортақ тұжырымдамалық зерттеу өткізу  туралы келісімге қол қойылғандығы туралы хабарлайды. Аталмыш кәсіпорын Бозшакөл мен Ақтоғай кен орындарында өндірілген мыс концентратын өңдейтін болады.

 

Тұжырымдамалық зерттеу кезеңінен кейін мыс балқыту зауытының құрылысы туралы шешім тек содан кейінгі техника-экономикалық бағалаудың нәтижесі бойынша қабылдануы мүмкін және қажетті қаржыландырудың қолжетімділігіне байланысты болады.

 

----------

КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания - Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның қолданыстағы 5 кеніші мен 4 кен байыту фабрикаcы бар. 2014 жылғы ағымдағы қызметі барысында 84 мың тонна катодты мыс өндірілді.

Сондай-ақ, KAZ Minerals ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның ауқымды көлемін өндіреді. 2014 жылы 121 мың тонна концентраттағы мырыш, 3,4 млн. унция күміс пен 35 мың унция алтын өндірілді. 

Топ екі негізгі өркендеу жобасын – Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын жүзеге асыруда. Үшінші жоба – Көксай жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Аталмыш өркендеу жобалары осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.  

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 10 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

 

Baiyin Nonferrous Group Co., Ltd. - 1954 жылы құрылған, пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеумен айналысатын жетекші компаниялардың бірі. Компания ҚХР батысындағы Ганьсу өлкесінде орналасқан. Оның басты акционерлері CITIC Group пен Ганьсу өлкесінің өңірлік әкімшілігі. Өзінің жеке балқыту технологияларын дайындап игерген компанияның мыс, қорғасын, мырыш, никель, күміс, платина және алтын өңдеумен айналысатын бірқатар кәсіпорындары бар. Лондон металдар биржасында тіркелген Baiyin компаниясы мырыш пен  қорғасын саудасына қатысады. Компанияның шетелдегі активтерінің қатарында Оңтүстік Африкадағы алтын өндірумен айналысатын кәсіпорындар, Перуде құрылысы жүріп жатқан құрамында мыс бар кен қалдықтарын өңдеу жөніндегі жоба бар.