Четверг, 25 Сентябрь 2014

ШҚО-ның ірі өнеркәсіп кәсіпорындары 708 млрд теңгенің өнімін шығарды

Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары биылғы жылдың 8 айы ішінде 700 млрд теңгеден астам соманың өнімін өндірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

 

«Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 442 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Олар осы жылдың 8 айы ішінде бірлесіп 708 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,5 пайызға артық. Алайда бұл жеткіліксіз. Мемлекет басшысы және үкімет біздің алдымызға экономика өсімі мен даму қарқынын сақтау бойынша бірқатар міндеттер қойып отыр. Қосымша резервтер тауып, жыл соңына дейін шығарылатын өнім көлемін ұлғайту қажет. Біздің кәсіпорындардың оған әлеуеті жетеді деп ойлаймын, өнімге деген сұранысты есептеп, баға белгілеуді есепке алып, қойылған міндетті орындау керек», - деді ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев.



«Бұл жоспарларды іске асыру үшін ең маңызды бағыттар бойынша жұмыстар кешенін орындау қажет. Бұл: мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, тауар айналымын ұлғайту, инвестициялық жобаларды іске асыру, ірі бизнестің инновациялық белсенділігі, геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану», - деп түйіндеді ол.