Вторник, 27 Январь 2015

ИИДМБ: Қарағанды облысындағы КМК қуаты жылына 200 млн тонна кенді құрайды

Қарағанды облысында жылына 200 млн тонна вольфрам мен молибден кенін шығаруға мүмкіндік беретін кешенді кен-металлургиялық кәсіпорнын салу бойынша жобаны іске асыру көзделіп отыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 

Қарағанды облысында экспортқа бағытталған металлургиялық өнім шығару бойынша кешенді кен-металлургиялық кәсіпорнын салу жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Аталмыш өндіріс Шет ауданындағы Көктенкөл кен орны базасында ашылмақ.



«Жобаны іске асыру кезінде 2,5 млрд долларға тарта қаржы құйылады. 650 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, кешенді салу кезінде 2,5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады», - деп мәлім етті «DalaMining» ЖШС бас директоры Фархат Ерғалиев.


«Кешеннің жобалық қуаты жылына 200 млн тонна вольфрам мен молибден кенін құрайды», - деп толықтырды басшы.