Четверг, 18 Июнь 2015

Қазақстанда 2015 жылдың ең үздік геологын таңдады

AMM 2015 - «Astana Mining & Metallurgy 2015» VI Халықаралық Тау-кен және Металлургия Конгресі аясында «Алтын Гефест» Ұлттық салалық байқауының қорытындысы шығарылды

Осылай, KAZ Minerals Тобының Минералды ресурстар басқармасының бас геологы Баян Әлжанова осы жылдың үздік геологы атанды. «I және II дәрежелі Шахтер даңқы» Орденінің иегері, «Құрметті жер қойнауын барлаушы» медалінің, «Жезқазған мысына 85 жыл» медалінің иегері, 40 жыл бойы Жезқазған өлкесінде еңбек етіп, еңбек жолын кеніштің учаскелік геологынан бастаған Баян Әлжанова кейін KAZ Minerals Тобының бас геологы лауазымына дейін көтерілді.

 

«Алтын Гефест» салалық байқауының мақсаты - тау-кен, геология, металлургия, энергетика салаларының үздік кәсіпорындары мен мамандарын анықтау, қазақстандық компаниялардың озық жетістіктерін кеңінен насихаттау.

 

«Алтын Гефест» сыйлығының жеңімпаздары дәстүрлі түрде қазылар алқасының жабық түрдегі талқылауы барысында анықталады. Оның құрамына саланың ең беделді кәсіпқойлары кіреді.

 

Геологтар, кеншілер мен металлургтар, түрлі мемлекеттік мекемелер мен бизнес-құрылымдардың, өндірістік кәсіпорындардың өкілдері бас қосып, пікір алмасатын сұхбат алаңына айналған AMM Конгресіне биыл әлемнің 15-тен астам елінен 600-ден астам делегат қатысуда.

 

Шараның ұйымдастырушылары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Iteca көрме компаниясы.