Среда, 15 Апрель 2015

Tikkurila компаниясы Қазақстанда бояу шығаратын инновациялық зауыт ашты

2015 жылдың 15 сәуірінде Алматы облысы Қарасай ауданында Tikkurila, Euro, Finncolor ТЕКС, Ленинградские краски секілді бояу брендтерінің иегері финляндиялық Tikkurila компаниясының жаңа зауытының салтанатты ашылуы болды

Зауыт Tikkurila компаниясы дайындаған өндірістің жаңа концепциясын іске асыратын алғашқы жоба болып табылады. Концепция бойынша жоба – сулы бояулардың шектеулі түрін шығаруға арналған шағын, икемді, автоматтандырылған өндіріс болып табылады. Өндіріс орнында жаңа технологиялар мен тиімді басқару моделі іске асырылады. Зауыт нарық сұранысының өзгерістеріне және клиенттердің қажеттіліктеріне жылдам назар аударуға бағытталған. Бұл Tikkurila-ға тұтынушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Өндірісті өзінің құрал-жабдығына, қалдықсыз өндіріс пен экологиялық тазалығына байланысты бірегей деп айтуға болады. Зауыттың қуаты жылына 2 000 000 литр. Зауыт құрылысында арнайы модульдер пайдаланылды. Олар қажеттілік туындағанда өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаға салынған инвестициялар көлемі 1 миллион АҚШ долларын құрады.

 

Tikkurila Oyj компаниясының президенті мен бас атқарушы директоры Эркки Ярвинен аталмыш инновациялық жобаның әлемде алғаш рет Қазақстанда іске қосылғанын атап өтті: «Орталық Азия экономикасының өркендеуін байқап отырмыз. Қазақстанда қолайлы бизнес ахуал, шетелдік инвесторларға өте жағымды қарым-қатынас байқауға болады. Сондықтан осы елді жаңа зауыт ашу үшін таңдап алдық».

 

Жаңа зауыттың бояулары Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортқа бағытталған. Tikkurila Қазақстанның қымбат бояулар нарығында көшбасшы болып табылады. Жаңа өндірісті іске қосқаннан кейін компания өзінің орнын нығайтып, әртүрлі бағадағы бояулардың көшбасшы жабдықтаушысы болуды көздеп отыр.

 

Компания туралы ақпарат:

Tikkurila Финлядияның, Швецияның және Ресейдің бояулар нарығында көшбасшы компания болып табылады. Финляндияда негізі қаланған компания бүгінде 16 елде жұмыс істейді. Біздің жоғары сапалы өнім және кең ауқымды қызметтер тұтынушыларға нарықтағы ең үздік таңдауды қамтамасыз етеді. 1862 жылдан экологиялық әсемдік.

 

Tikkurila Финлядияның, Швецияның және Ресейдің нарығында сәндік бояуларды сатуда 1 орында. 2014 жылы компанияның пайдасы 618,4 миллион евроны құрады. Компанияның 3100 аса қызметкері бар. Tikkurila

NASDAQ OMX Helsinki биржасында тіркелген.

 

Қазақстанда Tikkurila 2006 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Орталық Азия елдеріне бағытталған. Қазір компанияның дамыған тарату жүйесі бар. Tikkurila өз өнімдерінің жоғары сапасына және экологиялық қауіпсіздігіне баса назар аударады.