Четверг, 19 Март 2015

Қазақстан 2015 жылы геологиялық барлауға инвесторларға 100-ге жуық жер телімін ұсынады

Қазақстанда ағымдағы жылы әлеуетті инвесторларға геологиялық барлау жүргізуге 100-ге жуық жер телімі ұсынылады деп мәлімдеді сәрсенбіде республиканың инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

 

"Сәуірде аукцион тәсілімен барлауға байқау жариялауды жоспарлаудамыз, біздің ойымызша, биыл 100-ге жуық жер телімі инвесторларды тарту үшін  аукционға енгізіледі", - деді  Исекешев Minex Central Asia 2015 форумы барысында.

 

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде ғаламдық дағдарыс және минералдық шикізат нарықтарындағы жағдайларға байланысты көптеген тау кен өндірісі, геологиялық барлау компаниялары  "ауыр сынақты" бастарынан кешіруде. "Соған қарамастан, ұзақмерзімді болашақта тау кен өндірісі секторы қазақстандық экономиканың тұрақты өсуі және дамуы үшін басты факторы болып қалатыны сөзсіз", - деп сенеді ол.

 

Қазақстан жаңалықтары АА