Четверг, 06 Февраль 2020

KAZ Minerals Тобы 2019 жылдағы өндірістік іс-қызметін қорытындылады

2019 жылы KAZ Minerals Тобы 311,4 мың тонна мыс[1] өндірді – бұл 2018 жылға қарағанда (294,7 мың тонна) 6% артық. Ақтоғайдағы өндірістің озыңқы қарқынының арқасында компания жоспарлы 300 мың тоннаға жуық көрсеткіштен асып түсті. Бозшакөл мен Ақтоғайдағы сульфидті кендерді өңдейтін фабрикалар 2019 жылы есептік өткізу қуаттарында жұмыс істеді. Бозшакөл және Бозымшақ кен орындарында жоғары үлестің есебінен алтын[2] өндіру жыл бойында 10%-ға артып, 201,5 мың унцияға (2018: 183,4 мың унция) дейін жетті.

Ақтоғай

Төртінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай КБК-де 16 035 мың тонна кен (2019 жылдың 3-тоқсаны: 14 883 мың тонна) өндірілді. Үлесі төмен сульфидті кеннің қосымша көлемі өндіріліп, ол есептік тоқсанда үлесі жоғары кен бар учаскелерге жетіп, қайта өңдеу үшін жинақталған. Жыл көлемінде кен өндіру 32%-ға артып, 55 134 мың тоннаға дейін жетті (2018: 41 911 мың тонна). Ақтоғай КБК кеңейту қарсаңындағы тау-кен және дайындық жұмыстарына, сонымен қатар 2019 жылы үлесі жоғары кен бар учаскелерге қол жеткізіп, өңдеуге орай және үлесі төмен кенді қоймалауға байланысты кен өндіру қайта өңдеу көлемінен асып түсті.

Сульфидті кеннен мыс өндіру төртінші тоқсанда 2%-ға азайып, 30,1 мың тоннаны (2019 жылдың 3-тоқсаны: 30,6 мың тонна) құрады. Кендегі мыс үлесінің азаюы қайта өңдеу көлемінің ұлғаюымен ішінара өтелді. Сондай–ақ, тоқсан бойында оксидті кеннен катодты мыс өндірісі 6,7 мың тоннадан 4,2 мың тоннаға дейін азайды. Бұған себеп - температураның маусымдық ауытқуылары және кендегі мыстың орташа үлесінің төмен болуы.

Сульфидті кеннен мыс өндірудің жылдық көлемі - 123 мың тонна, бұл 2018 жылға қарағанда 16%-ға артық (105,7 мың тонна). Өсу негізінен кен өңдеудің 21%-дық ұлғаюына байланысты болды. 2019 жылы оксидті кеннен өндірілген катодты мыстың көлемі – 22,7 мың тонна. Бұл 2018 жылға (25,7 мың тонна) қарағанда 12%-ға аз, бірақ 2024 жылға дейінгі ұзақ мерзімді жоспарлы 20 мың тонна көрсеткіштен артық.

Таким образом, в 2019 году Актогай достиг рекордного уровня добычи меди1 – 145,7 тыс. тонн (на 11% больше по сравнению с 2018 годом), при этом превысив годовой плановый показатель 130-140 тыс. тонн. Высокий уровень производства достигнут благодаря сочетанию высокого содержания металла в руде, стабильной пропускной способности обогатительной фабрики, а также переноса техобслуживания мельницы с четвертого квартала 2019 года на январь 2020 года.

Сөйтіп, 2019 жылы Ақтоғай мыс1 өндірудің рекордтық деңгейіне жетті – 145,7 мың тонна (2018 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық). Сондай-ақ, кәсіпорын жылдық жоспарлы көрсеткіш - 130-140 мың тоннадан да асып түсті. Өндірістің жоғары деңгейіне кендегі металдың жоғары үлесінің, байыту фабрикасының тұрақты өткізу қабілетінің, сондай-ақ, диірменге қызмет көрсету уақытын 2019 жылдың төртінші тоқсанынан 2020 жылдың қаңтарына ауыстырудың арқасында қол жеткізілді.

Бозшакөл

Павлодар облысындағы Бозшакөл кен орнында 2019 жылдың төртінші тоқсанында 9 059 мың тонна кен өндірілді (2019 жылдың 3-тоқсаны: 9 132 мың тонна), оның ішінде каолин балшығы бар кен – 2 204 мың тонна (2019 жылдың 3 тоқсаны: 2 636 мың тонна). Жыл бойында кен өндіру 35 693 мың тоннаға (2018: 30 722 мың тонна) дейін артты. Бұл негізінен жыл бойы жиналған каолин балшығы бар кеннің қосымша қорын ашу есебінен болды. 2020 жылы қоймаланған қорлардан өңделген каолин балшығы бар кеннің көлемі өндірілген көлемнен асып түседі деп күтілуде.

Мыс өндірісі үшінші тоқсандағы 32,1 мың тоннадан төртінші тоқсандағы 31 мың тоннаға дейін қысқарды. Диірмендердің қаптамасын ауыстыру өндіріс барасында кендегі мыстың жоғары үлесінің бір қалыпты етті.

Мыс2 өндірісінің жылдық көлемі 110,2 мың тонна жоспарланған 105-115 мың тонна аралықтың орташа деңгейінде тұр және бұған дейінгі көрсеткіштен 8% артық (2018: 101,6 мың тонна).

Кенді өңдеу көлемінің азаюына байланысты алтынның өндірісі үшінші тоқсандағы 43,4 мың унциядан төртінші тоқсандағы 41,8 мың унцияға дейін төмендеді.

Бірақ 2019 жылы 144,8 мың унция алтын өндірілді. Бұл 2018 жылға (127,8 мың унция) қарағанда 13% артық өндірілді. Нәтиже 130-140 мың унция көлеміндегі болжамнан асып түсті. Бұл кендегі алтынның орташа үлесінің жоғары болуының және бөліп алудың жоғары коэффициентінің арқасы.

2019 жылы 803 мың унция көлемінде күміс өндірілді. Бұл жоспарлы 700 мың унция көрсеткіштен асты. Өткен жылмен салыстырғанда өсім – 21% (2018: 666 мың унция).

Шығыс өңір мен Бозымшақ

Шығыс өңірдің (Шығыстүстімет) кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінде кен өндіру төртінші тоқсанда төмендеп, 958 мың тоннаны құрады (3-тоқсан: 979 мың тонна). Бұған негізінен Артемьев шахтасындағы өндірістің қысқаруы себеп болды. Жыл бойында өндірілген 3 879 мың тонна өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді (2018: 3 892 мың тонна).

Белоусов кен байыту фабрикасы жоспарланғандай 2019 жылғы 25 қазанда жабылды. Ертіс кенішінің кені Николаев байыту фабрикасына қайта өңдеу үшін тасымалданып, бұл кәсіпорынның қолда бар қуатын тиімді пайдалануға мүмкіндік берді. Сөйтіп, төртінші тоқсанда Николаев БФ-ның өңдеу көлемі 474 мың тоннаға дейін жетті (2019 жылдың 3-тоқсаны: 319 мың тонна).

Төртінші тоқсанда мыс өндірісі 16%-ға артып, 15,6 мың тоннаны (2019 жылғы 3-тоқсан: 13,5 мың тонна) құрады, негізінен бұл Николаев байыту фабрикасының өткізу қабілетін арттыру және Орлов шахтасының кенінде мыстың жоғары үлесінің есебінен орын алды.

Мыс өндірісінің жылдық көлемі жоспарлы көрсеткішке сәйкес келіп, 55,5 мың тоннаны құрады. Бірақ бұл 2018 жылы қоймаланған кендегі металдың төмен үлесі мен қайта өңдеудің азаюына байланысты өткен жылға қарағанда 10% төмен (2018: 61,7 мың тонна). Артемьев кен орнында қайта өңдеу көлемі мен үлесі 2022 жылға жоспарланған екінші кен шоғырын өндіру басталғанға дейін ағымдағы деңгейде қалады. Орлов шахтасында өндіру күтілетін нәтижелер бойынша қалған пайдалану мерзімінде ағымдағы деңгейде немесе төмен болады, өйткені өндіріс неғұрлым терең горизонттарда және күрделі геологиялық жағдайларда жүргізілуде.

Алтын өндірудің 53,7 мың унция жылдық көлемі жоспарлы 40-45 мың унция көрсеткіштен жоғары. Өндіріс барысында Бозымшақ кенішінің кеніндегі алтынның үлесі күткен деңгейден жоғары болды.

2019 жылдағы күміс өндірісінің көлемі – 2,024 млн унция (2018: 2,356 млн унция). Жоспарлы 1,8 млн унция жылдық ауқымнан асып түсті.

Концентраттағы мырыш өндірісінің жылдық көлемі 38,3 мың тонна деңгейінде тұрақтап, жоспарланған 40-45 мың тоннадан төмен болды. Анағұрлым төмендеу Орлов шахтасында байқалды. Мұнда 2019 жылы 11,6 мың тонна өндірілді (2018: 24,8 мың тонна). Концентраттағы мырыш өндірісіне Орлов және Артемьев шахталарындағы мыс өндірісіне әсер еткен факторлар әсер етті.

Топтың өндірісне қысқаша шолу

 

2019 12 ай

2018 12 ай

2019  4 тоқ.

2019  3 тоқ.

2018  4 тоқ.

Мыс өндірісі

мың тонна

311,4

294,7

80,9

82,9

77,9

Ақтоғай

мың тонна

145,7

131,4

34,3

37,3

36,0

Бозшакөл

мың тонна

110,2

101,6

31,0

32,1

26,6

Шығыс өңір және Бозымшақ

мың тонна

55,5

61,7

15,6

13,5

15,3

Алтын өндіру

мың унция

201,5

 183,4

55,3

58,5

48,4

Күміс өндіру

мың унция

3 382

 3 511

886

944

933

Концентраттағы мырыш

мың тонна

38,3

 49,7

9,4

10,5

11,4

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы KAZ Minerals Эндрю САУЗАМ былай деп мәлімдеді: «Төртінші тоқсанда KAZ Minerals жоғары операциялық нәтижелерді көрсетті: Қазақстандағы ашық түрдегі ірі масштабты кеніштеріміз рекордтық деңгейге жетті. Бозшакөл мен Ақтоғайдағы сульфидті кен өңдейтін негізгі фабрикалар 2019 жылы есептік өткізу қуатында жұмыс істеді. Мыс пен алтын өндірісінің жылдық көлемі – тиісінше 311 мың тонна және 201 мың унция болып, жоспарланған жылдық көлемнен асып түсті. Топ өндірістің өсуін төмен шығынмен үйлестіруді жалғастыруда, ал Ақтоғай КБК кеңейту жобасы 2021 жылы құрылыс аяқталғаннан кейін өндіріс көлемінің ұлғаюына ықпал етеді».

---------

[1] Концентраттағы ақылы металл және Ақтоғайдың оксидті кенінен өндірілген катодты мыс

[2] Концентраттағы ақылы металл

 

В 2019 году Группа KAZ Mi