Вторник, 25 Ноябрь 2014

Жас ғалымдар Ақтөбеде тау кен-металлургиялық саласыныңжаңа зерттемелерін ұсынды

Мамандар өз жобаларын Еуразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ іскерлік орталығында өткен «Жастар –компанияның болашағы»  VII ғылыми-техникалық конференциясының аясында таныстырды. Конференцияға «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалдары – Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттарының, Дөң кен байыту комбинатының және «Казмарганец» кен басқармасының, сонымен қатар Серов ферроқорытпа зауытының және Еуразиялық топ (ERG) зерттеу-инжиниринг орталығының қызметкерлері қатысты.

 

Екі күн ішінде жас мамандар компания қызметінің алты бағыты бойынша өз жұмыстарын қорғады: кен ісіндегі жаңа технологиялар мен техника, хром, марганец және кремний қорытпалары өндірісінің жаңа технологиялары, кен шикізатін байытудың инновациялары мен даму болашағы, техногенді қалдықтарды кәдеге жаратудың ғылыми негіздері және тәсілдері, басқарудың автоматты жүйелері және негізгі жабдықтардың техникалық жағдайының мониторингі.

 

Конференция жұмысы салалық секцияларға бөлінді. Жас мамандардың жұмысын Қазхром» ТҰК» АҚ техникалық мәселелер жөніндегі тете - президенті Олег Приваловтың басшылығымен компанияның басты мамандары кірген сараптамалық комиссия бағалады. Жұмыстарды бағалаудың басты критерийлері: инновациялық тәсіл, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселесін есепке алу, үдерістерді жақсатру мүмкіндігі.

 

Жұмыстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік жұмыстарды анықтады. «Кен ісіндегі жаңа технология және техника»  секция бойынша «Қазмарганец» КБ-нан Антон Сорока жеңімпаз атанды. «Хром, марганец және кремнийлі ферроқорытпа өндірісінің заманауи технологиясы» секциясында бірінші орынды Ақтөбе зауытынан Асылбек Иманкулов иеленді.  «Инновация және кен шикізатын байыту келешегі»  секциясында Дөң КБК маманы Жеңіс Князбаев үздік деп танылды. «Техногенді қалдықтарды кәдеге асыру тәсілдері және ғылыми негіздер» секциясында  бірінші орынды АФЗ жұмыскері Сағындық Иманкулов қол жеткізді. Серов ферроқорытпа зауытынан Александр Ерыпалов «Жақсарту бойынша ұсыныстармен өнімді шығарудың сапалы техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі жабдықтың техникалық күйінің мониторингі»  секциясында бірінші орынға ие болды. «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі» секциясында «Қазмарганец» КБ Жарас Каримкул жеңіске жетті.

 

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 

Сайыстың қатысушылары өз жеңістерін Еуразиялық топтың 20-жылдық мерейтойына арнады.

 

- Индустриалды - инновациялық даму заманында қарқынды даму жаңа идеялар мен технологияларсыз мүмкін емес. Біз өз мамандарымызға, оның ішінде инновациялар мен ерекше ойларға толы креативті жастарға зор үміт артамыз, - деп қазылар алқасының төрағасы Олег Привалов атап өтті.

 

Конференциялар өткен жеті жыл ішінде компания филиалдарының жас мамандары ұсынған жобалардың  50%-ға жуығы жүзеге асты немесе Еуразиялық топ кәсіпорындарында енгізу кезеңінде.