Понедельник, 03 Август 2015

Қырғызстанда Kaz Minerals Тобының «Бозымшақ» КБК ресми ашылуы болды

2015 жылдың 1 тамызында Джалал-Абад облысының Ала-Бұқа ауданында «Бозымшақ» КБК салтанатты түрде іске қосу рәсімі өтті

Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариев, KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук, «Қазақмыс Голд Қырғызстан» бас директоры Ілияс Түлекеев таспаны кесіп, тау-кен байыту кешенін іске қосты. Салтанатты шараға жергілікті қауымдастықтың, Қырғызстанның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

 

Шараға қатысушылар өндірістік нысандарды аралап көрді, КБК-дағы технологиялық процеспен және компания қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайымен танысты.

 

Кәсіпорын жылына 1 млн тонна кен өңдейді деп жоспарланған. Өндірістің ақырғы өнімі –құрамында алтын және күміс секілді ілеспе өнімдері бар мыс концентраты.

 

«Бозымшақ» жобасының орташа жылдық өндірісі 6 мың тонна катодты мыс және құйма түрінде 28 мың унция алтын деңгейінде болады күтіледі.

 

Кенішті пайдаланудың мерзімі 18 жылды құрайды.

 

2014 жылдың желтоқсан айында Балқаштағы мыс зауытына концентраттың алғашқы партиясы жөнелтілген болатын. 

 

2015 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша, Бозымшақта 1,12 млн тонна кен өндіріліп,  2 мың тонна концентраттағы мыс және 10,8 мың унция концентраттағы алтын шығарылды.

 

2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша, Қырғыз Республикасындағы жобаны жүзеге асыруға $300 млн-нан астам инвестиция жұмсалды.

 

Бозымшақ мыс-алтын кен орнын игерумен KAZ Minerals Тобының құрамына кіретін «Қазақмыс Голд Қырғызстан» компаниясы айналысады. Бүгінгі күні компанияда 913 адам жұмыс істейді, оның 95 пайыздан астамы – Қырғызстан азаматтары.

 

 ---------------

КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания - Қазақстандағы жетекші мыс өндірушілердің бірі. Компанияның қолданыстағы 5 кеніші мен 4 кен байыту фабрикаcы бар. 2014 жылы 84 мың тонна катодты мыс өндірілді.

 

Сондай-ақ, KAZ Minerals ілеспе өнім ретінде мырыш, күміс пен алтынның ауқымды көлемін өндіреді. 2014 жылы 121 мың тонна концентраттағы мырыш, 3,4 млн. унция күміс пен 35 мың унция алтын өндірілді.

 

Топ екі негізгі өркендеу жобасын – Бозшакөл мен Ақтоғай жобаларын жүзеге асыруда. Үшінші жоба – Көксай жобасының тұжырымдамасы дайындалуда. Аталмыш өркендеу жобалары осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.

 

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 10 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.