Среда, 12 Ноябрь 2014

Жезқазған мыс зауыты катод мысын қайтадан өндіре бастады

«Қазақмыс»   корпорациясының  Жезқазған  мыс  зауыты осыдан  бір  жыл  бұрын  қайта  өңдеуге  қойылған  болатын.  Бүгін  міне  жаңа  технологиямен  мыс  өндіру үшін  арнайы  жабдықталған  пеш іске  қосылып,  ең  сапалы   катод  мысын  өндіруді  бастады.  Заутты  іске  қосудың  дайындық  жұмыстарына  екі ай уақыт кетті.

 

Алғашқы  құйманы  құю  салтанатына «Kazakhmys Smelting» ЖШС-нің директоры Марат Аубакиров және  зауыт  жұмыскерлері  куә  болды. Қазір  Жезқазған  мыс  зауыты өз  жұмысына  толық  дайын. Өндіріс  орыны  қайта  жөндеуге  қойылғанға  дейін  өндірген  көлемін  сақтап, жылына  100 мың тонна  катод мысын  өндіруге  қуатты. Зауыттың  негізгі  жұмыскерлері  мен қызметкерлері, және айлық  еңбекақылары   сақталынған. Өндірісте  1500 адам  жұмыс  атқарады.

 

Зауытты  іске  қосуға бірнеше  фактор ықпал етті, оның  ең  бастысы Үкімет  тарапының  қолдауымен дүниежүзілік  конъюктурада  металл  бағасының  жақсаруы. Жезқазған  мыс  зауыты  өз  жұмысын  1971 жылы  бастаған, кейіннен  Жезқазған  мысы  металлдардың  Лондондық  биржасында  сапалық  эталон  деп  танылған.

 

Қолданыстағы  пирометаллургия  технологиясымен  қатар  біз  үшін тың  технология - гидрометаллургияны  енгізу  жұмыстары  жүргізіледі. Бұл  технология  Жезқазған кеніштеріндегі  құрамында  мысы  аз кен  мен  бұрын  өндірілген  өндіріс  қалдықтарын  арзан  бағада  жоғары  сапалы қайта  өңдеуден өткізуге  мүмкіндік  береді. Өндірістік  тәжірибе қондырғысын орнатуды  іске  асыруды компания  2015  жылдың  басына  жоспарлап  отыр,-деп  аяқтады  өз  сөзін  «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-нің  бас  директоры Бахтияр Қрықпышев.