Вторник, 19 Август 2014

Шахтерлердің балалары Дөң тау-кен байыту комбинаты «Молодежная» шахтасының 43- мыңыншы ауысымын салтанатты қарсы алды

Әр бала оларға сыйлықтар және гүлдерді сыйлады. Осы күні республикалық және облыстық БАҚ  үшін пресс-тур өткізілді. Журналисттер шахтаға түсіп  және өз көзімен шахтерлік еңбекті көруге мүмкіндік алды.

 

Хромитті кенді өндіру бойынша әлемдегі ең ірі шахта- Хромтау қаласындағы  Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодежная» шахтасы қырық жылдық мерейтойын тойлап жатыр. Еуразиялық Топ құрамындағы «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы - Дөң тау-кен байыту комбинатының «Молодёжная» шахтасында 40 жылдың ішінде 46 миллион тоннадан астам хромитті кені өндірілді. Цех хромитті кенін өндіру бойынша рекордтарымен, сонымен қатар дүниежүзілік рекордтарымен әйгілі. Мерейтой жерасты  кен қазу шеберлерінің  кәсіптік мерекесі- Шахтерлер күнінің қарсаңында тойланады.

 

Бірінші кезекте мерекелік шаралар «Сіздің жұмысыңыз – комбинаттың мақтанышы» фотожобасымен 3-тамызда ашылды. Оның басты мақсаты – қаланың кең жұртшылығын шахтердың еңбегімен таныстыру. Осында жер астында және үстінде жүмыс істеп жатқан шахта қызметкерлерінің отыз екі портреті ілінген. Жұмыстарды шебер орындаған қызметкерлер тек қана батырлардың сипатын бермей, цехтың өндірістік қызметін анық көрсетеді.

 

– Мен Дөң тау-кен байыту комбинатында жұмыс істемеймін, - дейді Хромтау қаласының тұрғыны Гүлсім Бақытқызы. - Мен шахтерлердің қалай жұмыс істейтінін түсінбейтінмін. Сондықтан маған қызық болды. Өндірістің үздік қызметкерлерін көрсету жақсы бастама деп ойлаймын.Біздің қала осы шахтерлардың еңбегінің арқасында гүлденіп жатыр емес пе.

 

Дөң тау-кен байыту комбинатының Сауықтыру және дене шынықтыру орталығындағы стенділер қойылымын комбинаттың директоры Марал Бекеев ашты.

 

- Осындай көрме бізде бірінші рет өткізіліп отыр. «Молодёжная» шахтасы – комбинаттың бірінші шахтасы және ұжым 40 жылда әсерлі жетістіктерге жетті:  өзінің технологиялары мен хром кендерін қазу тәсілдерін жасап шығарды. Шахтерлер хром кендерін өндіруге көп еңбек етті, соның ішінде портреттері  көрмеге қойылған  шахтерлердың еңбегі де бар. Біз оларды әрдайым мақтаныш тұтамыз.    

 

Мысалы, 1975 жылы аты аңызға айналған қазақстандық кенші Афанасий Томнюктің  басшылығымен кеншілер бригадасы бір айдың ішінде 200 метрден астам оқпанды үңгілеуде  бүкіл кеңестің рекордқа жетті. «Молодёжная» шахтасы 2004 жылы бір миллион 802 мың тонна кенді өндіріп, дүниежүзілік деңгейге жетті. 2008 жылы цехтың қуаты екі жарым миллион тоннадан астам кенге жетті. Осындай жетістік кен металлургия саласындағы дүнижүзілік ұқсас кәсіпорындарының арасындағы ең үздік өндірістік көрсеткіш.

 

Жағажай волейболы, шахта учаскелері арасындағы қолжалғау бойынша  спорт жарыстары  және Дөң тау-кен байыту комбинаты ардагерлері мен жастарының арқан тартысу жарыстарына қатысуы мерекелік шараларды жалғастырып отыр. Әрбір шахтер әрбір өзінің жеңісін өз бөлімшесіне арнады.

 

Шахтаның қырық жылдығына орай комбинаттың баспасөз қызметі мерекелік баспасөз турын ұйымдастырды. Облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері сирек кездесетін мүмкіндікке ие болып, жер бетінен 500 метрден астам тереңдіктекеншілердің қалай жұмыс істейтінін көрді.

 

- Шахтаның геологиялық жағдайлары бойынша дүниежүзінде оған ұқсас шахта жоқ.

 

Сондай-ақ, жоғары білікті және ұйымшыл ұжымға тең келетін ешкім жоқ. Бөлімдер мен учаскелерді цех жастарына өз тәжірибесін үйрететін, өз ісінің нағыз шебері – тәжірибелі мамандар басқарады,  – дейді шахта бастығы Амангелді Сүйінтаев.

 

Шахта басшысы А.Сүйінтаевті осы жылдың маусым айында «Жыл кеншісі» құрмет атағымен, «Алтын Гефест» бесінші Ұлттық салалық конкурста  марапаттау мақтанышымыз болып табылады. Арнайы мерейтойға орай «Қазхром»ТҰК» АҚ  «Құрметті Қызметкері» жоғары корпоративтік атана «Молодёжная» шахтасының шахта беті технологиялық кешені учаскесінің басшысы Серік Нұрмұханов лайық деп танылды. Бөлімше қызметкерлері Аманғос Жүсіпов, Қайратбек Есентаев, Жұмәли Әбілдаев, Елтай Үмбаев 3-дәрежелі «Кенші даңқы» салалық төс белгісімен марапатталды.

 

-  Жоғары өндірістік көрсеткіштер, тұрақты ұжым «Молодёжная» шахтасының басты ерекшеліктері болып табылады.  Тек қана  барлық қызметкерлер үшін емес,  сондай-ақ қала үшін де үлгі болатын мақсатты, еңбекшіл адамдарды біріктірген ұжым кәсіпорынның өзегі болып табылады.  Дәл осындай адамдар  біздің компания мен тау-кен және металлургия  саласының болашағын анықтайды, - деп атап өтті «Қазхром»ТҰК» АҚ  президенті Виктор Тиль өзінің құттықтауында.

 

22 тамызда Кеншілер мәдениет үйінде өтетін өндірістің үздік қызметкерлерін саланатты түрде құттықтау тойлаудың негізгі шарасы болады өтеді.

{igallery id=6438|cid=87|pid=1|type=category|children=0|showmenu=0|tags=|limit=0}