Бейсенбі, 21 Тамыз 2014

Қазақмыс 2014 жылдың бірінші жартыжалдығындағы қызметінің нәтижелерін жариялады

2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақмыс Тобы тұрақты қаржылық және өндірістік көрсеткіштер көрсетіп отыр.

 

Катодты теңгерімдегі мыс өндірісі 139 мың тоннаны құрады, жыл соңына қарай жоспарлы көрсеткіш – 285-295 мың тоннаға қол жеткізіледі деп күтілуде.

 

2014 жылдың бірінші жартыжылдығында Топ қызметі ресурстарды тиімді басқаруға, сондай-ақ металдар бағасының төмендеуі жағдайында операциялық және капиталдық шығындарды аса мұқяит қадағалауға бағытталды. Мыстың таза ақшалай өзіндік құны 13 пайызға төмендеп, фунтына 203 АҚШ центын құрады. Есепті кезеңде операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 200 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылдың бірінші жарты жылындағыдан 73 млн АҚШ долларына артық.

 

Мыс өнімдерін өткізудің орташа бағасы бірінші жартыжылдықта Лондон металдар биржасында мыстың орташа бағасының төмендеуіне байланысты, сондай-ақ сату көлемінде катодты мысқа қарағанда едәуір төмен бағамен өткізілетін Жезқазған аймағының мыс концентраты үлесінің артуына байланысты, бірінші жартыжылдықта тоннасына 6704 АҚШ долларына дейін төмендеді.

 

Есепті кезеңде Топтың ағымдағы қызметінің EBITDA көрсеткіші (ерекше баптарды қоспағанда) 324 млн АҚШ долларын құрады. 2013 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 354 млн АҚШ долларын құраған болатын.

 

2014 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Топтың таза қарызы 192 млн АҚШ долларын құрады. Оның төмендеуіне (2013 жылдың соңындағы 771 млн АҚШ долларымен салыстырғанда) Екібастұз ГРЭС-1 станциясындағы 50 пайыздық үлестің сатылуы ықпал етті. Келісім нәтижесінде алынған 1,25 млрд АҚШ доллары көлеміндегі қаражат та өркендеу жобаларының дамуына бағытталды.

 

Жұмыс істеп тұрған өндірістік активтерді жаңартуға жұмсалған шығындарды қоса алғанда өндірісті қолдауға бағытталған капиталдық шығындар 157 млн АҚШ долларын құрады. Өндірісті ұлғайтуға жұмсалған капиталдық шығындар 487 млн АҚШ долларын құрады. 2014 жылдың алғашқы алты айында өркендеу жобалары болып табылатын Бозшакөл мен Ақтоғайға бөлінген инвестиция мөлшері сәйкесінше 265 млн АҚШ доллары мен шамамен 200 млн АҚШ долларын құрады. Жылдың екінші жартысында өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға арналған шығындар өседі деп күтілуде – Бозшакөлде 750-ден 950 млн АҚШ долларына дейін, Ақтоғайда 400-ден 600 млн АҚШ долларына дейін.

 

2014 жылдың алты айында Қырғызстандағы Бозымшақ кенішінің құрылысына шамамен 20 млн АҚШ доллары жұмсалды. Екінші жартыжылдықта іске қосу-баптау жұмыстарын аяқтау үшін жобаға шамамен 40 млн АҚШ долларына дейін инвестициялық қаржы бөлінуі мүмкін.

 

«Соңғы 18 айда Қазақмыс Топты қайта ұйымдастыру ісіндегі үдеріс пен бірқатар профильдік емес активтерді сатуды қоса алғанда елеулі, трансформациялық өзгерістерді жүзеге асырды. Бүгінгі таңда Топ келешегі зор металл – мыс өндірісіне ден қойып отыр. Қайта ұйымдастырылудан кейін компания қызметі негізінен өзіндік құны төмен өндірісті арттыруға және саладағы үстем даму әлеуетін іске асыруға бағытталады», - деп мәлімдеді Қазақмыс Тобының Бас басқарушы директоры Олег Новачук.

 

_________________________

Қазақмыс - табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады. Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші және әлемдегі алдыңғы қатарлы мыс өндірушілердің бірі. Қазақмыстың 16 кеніші, 7 тау-кен фабрикаcы және 2 мыс балқытушы өндірістік кешені бар, қазір олардың бірінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Kazakhmys Mining бөлімшесі кен өндірумен және оны тауарлық металға өңдеумен айналысатын өндірістік нысандарды басқарады. 2013 жылы меншікті кеннен 294 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Топ екі негізгі өркендеу жобасын - Ақтоғай мен Бозшакөлді игеруде.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс пен алтын өндіреді. 2013 жылы Қазақмыс 134 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген күміс өндірушілердің бірі - 2013 жылы 14 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power бөлімшесінің Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған және үшінші тарапқа сатумен айналысатын ішкі электрстанциялары бар. Ішкі электрстанциялардағы таза өндірілім 2013 жылы 5 723 ГВт құрады.

Қазақмыс Тобының құнды қағаздары Лондон қор биржасында, Гонконг қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында айналымда. 2013 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,1 млрд. АҚШ долларын, ал Топтың EBITDA көрсеткіші 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 53 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

Қазақмыс Тобын болжамды қайта құру туралы ақпарат

2014 жылдың ақпан айында Топ активтерінің тиімділігін арттыру мақсатында және ұзақ мерзімді табысты дамуы үшін ықтимал қайта ұйымдастырылу шарасы туралы жариялады.

2014 жылдың 23 шілдесінде Қазақмыс Қарағанды, Жезқазған мен Балқаштағы өндірістік алаңдардың кемел активтерін иелері Владимир Ким мен Эдуард Огай болып табылатын Cuprum Netherlands Holding B.V. компаниясына беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілгендігі туралы хабарлады. 15 тамызда акционерлер Топты қайта ұйымдастыру шарасын қолдады. Келісім реттеуші органдардың мақұлдауын қажет етеді. Аталған активтер өз қызметін жеке әрі

жариялық емес компания ретінде жалғастыратын «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің құрамына кіреді.

Шығыс-Қазақстан облысындағы қолданыстағы төрт кеніш пен үш кен байыту фабрикасы, үш өркендеу жобасы – Бозшакөл, Ақтоғай мен Көксай, сондай-ақ Қырғызстандағы Бозымшақ кеніші жариялық компания құрамында қалады. Акционерлер мен реттеуші органдар мақұлдаған жағдайда жариялық компания өз атауын KAZ Minerals PLC деп өзгертеді.