Четверг, 05 Июнь 2014

Өткен жылы Қазақмыс экологиялық жобаларға 4,3 млрд теңге бөлді

Қазақмыс Тобы экологтарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Компания қызметін жүргізетін аймақтарда 90-нан астам қоршаған ортаны қорғау маманы жұмыс істейді.

 

Қазақмыс аймақтардағы экологиялық жобаларға инвестиция сала отырып, өндірісті модернизациялауды жалғастыруда. Жыл сайын қоршаған ортаны сауықтыру үшін компания бірнеше миллиард теңге бөледі. Соның ішінде қоршаған ортаға зиянды заттардың таралуын кеміту үшін инновациялық технологиялар мен энергия үнемдеуге де қаражат бөліп келеді.

 

2013 жылы Қазақмыс жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрайтын екі жүзден астам табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырды. Жабдықтарға капиталды және ағымды жөндеулер жасалды, Жезқазған ЖЭО-на, Топар ГРЭС-не және Балқаш ЖЭО-на батареялық эмульгаторлар орнатылды, соның арқасында атмосфераға таралатын көмір тозаңының ластаушы заттары 4 мыңнан астам тоннаға кемітілді. «Жезқазғантүстімет» филиалының кеніштері су жұмсалымын есепке алу құралдарымен жабдықталды, қалдық қоймаларында, карьерлерде және бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Ең ірі деген жобалардың бірі – Топар ГРЭС-ң блоктарымен генерациялау тиімділігін артыру. Бұл ауаға таралатын зиянды заттарды қысқартуға және кәсіпорынның Еуроодақ стандарттарына сәйкестендірілген стандарттары бойынша жұмыстарға бағытталған республикадағы алғашқы көміртек жобасы.

 

Бассейндік келісімнің шеңберінде Балқаш көлінің жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде. 2009 жылдың қазан айынан 2014 жылдың қаңтар айы дейінгі кезеңде жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 14 іс-шара орындалған.

 

«Біз өндірістік процестерді үнемі жетілдіріп келеміз, соның арқасында экономикалық та, экологиялық та жағымды нәтиже алып отырмыз. Қазақмыс экологиялық қауіпсіздік мәселелерінде сындарлы көзқарасты ұстанады және Қазақстанның «жасыл экономика» жобасына өз үлесін қосады», – деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ң Қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Мұқанбетқали Абайділдинов.