Вторник, 03 Июнь 2014

Қазақстан кәсіпорындары жұмысшы мамандықтардың абыройын көтеруде

ENRC құрамына кіретін (ERG еншілес компаниясы) «Қазхром» ТҰК «АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшылардың кәсіби шеберлігін көрсете алатын «Үздік жас жұмысшы» атты сайыс өтті. Екі күн ішінде Қазақстанның және Ресейдің отыздан аса жас мамандары өз мамандықтарының мықтысы болуға барша күш-жігерін салып, жарысқа түсті.

 

Қатысушылардың барлығы компанияның Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарының, Дөн және Жайрем кен байыту комбинаттарының, «Қазмарганец» Кенбасқармасының, сондай-ақ Серов ферроқорытпа зауытының (Ресей) кәсіпорындарында өткен аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары.

 

Еңбек жарыстары бес мамандық бойынша өтті. Өз мамандықтарының ең мықтысы атану үшін қырнаушылар, электргазпісірушілер, электр көпірлік кран машинисттері, электрмонтерлер және шеберлер жарысты. Еңбек жарысында жұмысшы жастар теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті. Еңбекті қорғау сұрақтарына баса назар аударылды.

 

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру қажеттілігін жариялаған болатын. Мұнда ең маңыздысы жұмысшы мамандықтарға деген құрметті қайта жандандыру, «жұмысшы адамның» абыройын көтеру. Жұмысшы мамандықтарға арналған осындай сайыстар жастардың қалыптасуына және мансаптарын жоғарлатуға үлкен мүмкіндік береді, сонымен қатар қазіргі таңда жұмысшы мамандықтар қоғамда жоғары бағаланатынын көрсетуге жол ашады, - деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль.

 

Теориялық және тәжірибелік кезеңнен өту нәтижесінде бес номинацияның үшеуінде Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілдері, яғни қырнаушы Денис Ковалев, электргазпісіруші Валерий Максимов, көпірлік кран машинисі Лидия Кочубей ең жақсы болып табылды. Электрмонтерлер арасында ең мықтысы болып Дөн КБК жұмыскері Қанат Уразмурзин, ал шеберлердің еңбек жарысында жеңісті Жасұлан Жаулыбаев (Дөн КБК) пен Артем Белкин (Серов ферроқорытпа зауыты) бөліп алды.

 

- Жастар – біздің болашағымыз, ал жұмысшылардың жаңа ұрпақтарының ең жақсы өкілдері – таяу арада өз кәсіпорындарында ең маңызды рөл атқаратын болады. «Қазхром» компаниясы және оның әрбір филиалы жастардың өз кәсіптерінің қыр-сырын тез біліп, үйренуі үшін, зауыт цехтарында және өндірісте өз орындарын табуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Жыл сайын бұл сайыс жас жұмысшылар арасында қызығушылық танытып келеді. Сайыс жас жұмысшыларды кәсіби белестің жаңа сатысына көтереді, ұжымды біріктіріп, еңбек өнімділігін арттырып, кәсіпорынды дамытады, - деді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Арман Есенжулов.

 

Сайыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай қаражаттармен марапатталды. Бірінші орын алған жұмысшыларды кәсіби дәрежелерін көтеру, сондай-ақ бір жыл бойы еңбекақысына арнайы үстемелеу күтеді.

 {igallery id=8014|cid=73|pid=1|type=category|children=0|showmenu=0|tags=|limit=0}

«Қазхром» ТҰК АҚ туралы

«Қазхром» «Трансұлттық компаниясы» АҚ (Қазхром) ENRC тобына кіреді

Қазхром –  ферроқорытпа өндірісі және сапасы бойынша әлемдік көшбасшы болып табылады.

Құрамына төрт құрылымдық бөлімше кіреді: Дөң кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы,  Хромтау қ.),  «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу (Павлодар облысы)  және Ақтөбе (Ақтөбе облысы) ферроқорытпа зауыты.

Өндіріс қызметінің негізгі бағыттары:  хром  және марганец кенін өндіру,  ферроқорытпа өндірісі.

Қазхром жұмыскерлерінің саны 2013 жылдың  30 қыркүйегі бойынша  18 577 адамды құрайды.

ENRC туралы

2013 жылдың желтоқсанында Eurasian Resources Group (ERG) ENRC-діңакцияларын сатып алып, көпшілік компания статусынан шығарған соң, қазақстандық активтерді басқару үшін «Еуразиялық Топ» ЖШС-ын құрған.

Қазіргі таңда Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасындағы ENRC-дің келесі өндірістік активтеріне жетекшілік етеді: «Қазхром» ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics. Бұл кәсіпорындар Қазақстан ІЖӨ-не айтарлықтай үлес қосатын еліміздің ірі кәсіпорындары болып табылады.

Бұған қоса, Еуразиялық Топ әлеуметтік жауапты компания бола тұра, кәсіпорындары орналасқан өңірлерді қолдау және дамыту жөніндегі ENRC-дің үздік дәстүрлерін жалғастырады. 2014 жылы Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарымен әріптестік туралы меморандумдар аясында Еуразиялық Топ осы өңірлердегі әлеуметтік жобалардың жүзеге асыруға 4,5 млрд теңге бағыттады.

2014 жыл компания үшін мерейтойлы болып табылады: тура жиырма жыл бұрын Қазақстанда Еуразиялық Топтың корпоративтік командасы пайда болды. Бүгінгі таңда ол еліміздің төрт өңірінде 69 мың қызметкерлерді біріктіреді.