Понедельник, 16 Ноябрь 2015

Республикалық өнертапқыштық сайыс қорытындысы бойынша Ақсу ферроқорытпа зауыты үздік деп танылды

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы «Технологияны дамыту жөніндегі Ұлттық агенттік» АҚ ұйымдастырған Ұлттық инновациялық байқауда  Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының өнертапқыштық шешімі үздік деп танылды.

 

Қыркүйек айында Ақсу ферроқорытпа зауытының дайындаушылар тобы, олардың арасында кәсіпорынның бұрынғы директоры Арман Есенжолов («Қазақстан алюминийінің» президенті), сондай-ақ, Еуразиялық Топтың құрамына кіретін Ақсу ферроқорытпу зауытының техникалық директоры Александр Суслов, өндірістік-техникалық басқарманың бастығы Александр Родыгин және №6 балқыту цехының дайын өнімдерді тиеу, дайындау және құю учаскесінің бастығы Кимрат Иксановтар өздерінің өнертапқыштың ұсыныстарын инновация байқауына жіберген болатын. «Әртүрлі машиналарда мульдті жоғарғыдан салқындату» жобасын 2014 жылы кәсіпорында ойдағыдай жүзеге асыру ұсынылған болатын. Өнертапқыштық ұсыныстың экономикалық тиімділігі 20 миллион теңгені құрады.

 

Өнертапқыштық идея «Өнертапқыштық қорытындысында жылдың үздігі» аталымында бірінші орынға ие болды, авторлары 2,5 миллион теңгенің сертификатына ие болды. Лайықты марапатты Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму жөніндегі министрі Әсет Исекешев Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілі Кимрат Иксановқа тапсырды.

 

– Біздің өнертапқыштық ұсынысымыз ұнтақтау барысында  кондициялық ұсақтарды қалыптастыруды төмендетеді, құймаларды бірден  салқындату барысында ұсақ сызаттарды қалыптастырады. Мұндай шешім  металлургиялық өнеркәсіпте қолданылатын тарата құю машиналарында шойын құймақалыптардың пайдалану мерзімін арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті АқсуФЗ №6 балқыту цехының дайын өнімдерді тиеу және дайындау,  құю учаскесінің бастығы Кимрат Иксанов. – Еуразиялық Топтың мыңдаған ұжымының атынан инвестициялар және даму жөніндегі министрлікке қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіремін. Біз алдағы уақытта да тығыз іскери байланыста боламыз деген үміттеміз. – Ерекше бір атап өтетін жәйт Еуразиялық Топтың басты құндылығы – біздің адамдар, қызметкерлер, нағыз өз кәсібіне берілгендер, барлық ұжымдарға үлгі болатын лайықты қызметшілер. Бүгінгі таңда біздің кәсіпорындарда жұмысшылар және мамандар қатарының іргетасы қаланған, күннен күнге өндірістің тұрақты жұмысына, кез келген сұраққа және процеске өздерінің адал еңбектерін қосып, жаңа ұрпақты, кеншілер және металлургтерді – жаңа мамандарды қалыптастыру,кәсібилікті жоғарлату тәрбиелеуде үлгі болуда, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» техникалық сұрақтар жөніндегі вице-президенті Олег Привалов.