Пятница, 08 Июль 2016

Дөң тау-кен байыту комбинатының жүргізушісі кәсіби шеберлік жарысындағы өзінің жеңісін Астана күніне арнады

Астана күніне орай Хромтау қ. «Қазхром»ТҰК» АҚ «МАЗ» авто көлігінің жүргізушілері арасында кәсіби шеберлік сайысы өтті. Нәтижесінде компания тарихында алғаш рет осындай қиын сында еңбек өтілі небары жарты жылға толған қызметкер бірінші орынға ие болды

– Бірінші орынға ие болып және үздік жүргізуші атанғаныма өте қуаныштымын. Ұзақ дайындалдық. Автокөлік және механизм цехының жол қозғалыс инженері Ержан Кунтаевқа рахмет. Ол бізге кеңес беріп, осы сайысқа дайындады. Өзімнің жеңісімді Астана күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын, - деді бірінші орын иегері Асылан Нұрмаханов.

 

Компания филиалдары – «Казмарганец» кен басқармасы, Дөң ТКБК, Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарындағы іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы атанған сегіз кәсіби жүргізуші ауыр жүк техникасын басқару шеберлігін паш етті.  Жарыс дәстүр бойынша теория және тәжірибе  кезеңнен тұрды. Алдымен болып қатысушылар үшін өнеркәсіп өндіріс жағдайларында ерекше маңызды жол қозғалыс ережесі және техника қауіпсіздігі, авто көлік құрылымына қатысты сұрақтар қойылды. Тәжірибе кезеңі тіптен қиындай түсті. Қатысушыларға алдыға және кері бағытта «иреледеп» жүру секілді тапсырмалар қойылды.

 

– Бүгін біз компанияның ең үздік жүргізушісін анықтадық. Мұнда бізге барлығы – теория және практика да  маңызды болды. Ең үздікті анықтауда  артқа қозғалыс кезінде апат дабылы, қауіпсіздік белдігін тағу, жылдамдық және маневрларды кіршіксіз орындауға ерекше көңіл бөлінді. Нақты жұмыс жағдайында, өнеркәсіп өндіріс ережелерін сақтауда бұл көрсеткіштер маңызды болып табылады. Осындай жарыстар келешек буынды және жоғарғы деңгейлі қызметкерлерді анықтауда көмектеседі, – деп атап өтті «Қазхром»ТҰК»АҚ еңбекті қорғау департаментінің бастығының орынбасары Вячеслав Шариков.

 

Жүргізушілер жарыс қорытындысы бойынша екінші және үшінші орынды Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Қанат Қаниев және Дөң ТКБК Серік Жұмағалиев ие болды.

 

Осы жылығы «Қазхромның» кәсіби шеберлік жарысының жаңа тәртібі оны жыл бойы түрлі аталымдарда өткізу болып отыр. Бұрын ол бірнеше мамандық бойынша бір мезгілде өткізілетін еді.

 

Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының  базасында көпірлі кран машинистері жарысты, шілде айында Дөң ТКБК өз шеберліктерін «МАЗ» а/к жүргізушілері көрсетті. Кәсіби сайыстарды өндірістік шеберлер аяқтайды. Олардың жарыстары қазан айында «Казмарганец» кен басқармасының базасында өтеді. «Қазхром» сайысының жүлделі орын иелеріне, Топ кәсіпорындарының базасында қазан айында өтетін ERG-дің «Алтын қор» кәсіби шеберлік сайысында компания абыройын қорғау сеніп тапсырылмақ.

 

Еске салсақ, жыл сайын өткізілетін кәсіби сындар жұмысшы мамандықтарының беделін, Еңбек Адам мәртбесін, өндірістегі өнімділікті арттыру және компания филиалдарының қызметкерлерін ынталындыру үшін қолға алынған.

 

------------

«Қазхром» ТҰК» АҚ  жайында

Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ – бұл әлемдік деңгейдегі заманауи вертикалды интегралданған  компания, дүниежүзіндегі тау-кен-металлургия саласы бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі, хром кенінің сапасы бойынша  әлемдегі озық компаниялардың алғашқысы болып табылады. Барлаудан бастап пайдалы қазбаларды өндіру және жоғарғы қосымша құнымен оларды байыту арқылы металлургия өндірісінен тұратын тау-кен-металлургиялық кластердің толық циклын жүргізеді. Компания жылына 3,7 млн. тонна тауарлы хром кенін, 320 мың тонна марганецті кенін және  1,4 млн. тонна ферроқорытпа өндіреді. «Қазхром» ТҰК» АҚ төрт құрылымдық бөлімше-филиалдардан тұрады: Дөң тау-кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы, Хромтау қ.), «Қазмарганец» кен басқармасы  (Қарағанды облысы), Ақсу ферроқорытпа зауыты (Павлодар облысы)  және  Ақтөбе ферроқорытпа зауыты (Ақтөбе облысы).  Компания қызметкерлерінің саны 19000-ға жуық.