KAZ Minerals 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік іс-қызметінің нәтижелерін жариялады

2017 жылдың 1 тоқсанында KAZ Minerals Тобы 52,1 мың тонна мыс (концентраттағы ақысы төленетін металл мен Ақтоғайдағы оксидті кеннен өндірілген катодты мыс) өндірді. Бұл 2016 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 16%-ға, ал 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 130%-ға артық. Компания сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасының сәтті іске қосылуының және Бозшакөл кен байыту фабрикасындағы өндіріс үдеуінің арқасында мұндай өсімге қол жеткізді.

 

Топ 16,9 млн тонна кен өндірді. Бұл көрсеткіш өткен тоқсанмен салыстырғанда 27%-ға, ал былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 59%-ға артты. Бұл 16,9 млн тонна кеннің 7,7 млн сульфидті кені Ақтоғай мен Бозшакөлдің фабрикаларында қайта өңделді, 4,2 млн тонна оксидті кен Ақтоғайдағы шоғырлы сілтісіздендіру панельдеріне жүктелді, ал 5,1 млн тонна каолин балшығы бар кен Бозшакөлде қоймаланды. Қайта өңделген кендегі мыстың үлесі – 0,80%.

 

15,5 мың тоннаны құраған концентраттағы мырыштың көлемі күтілгендей өткен тоқсанмен салыстырғанда аз болды (2016 жылдың 4 тоқсаны - 19,2 мың тонна). Себебі, Артемьев шахтасындағы кеннің құрамындағы мырыштың үлесі уақытша төмендеді. Алтын1 өндіру деңгейі тұрақты – 42,5 мың унция. 2016 жылдың 4 тоқсанында 42,0 мың унция болған. Бозшакөлдегі өндірістің 2 мың унцияға артқаны бұған септігін тигізіп, Шығыс өңірдегі кәсіпорындарда орын алған азаюдың орнын толтырды. Күмістің1 өндірісі 757 мың унция болды. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 23%-ға аз болды. Бұған Шығыс өңірдегі кәсіпорындардағы кеннің құрамындағы күміс үлесінің аздығы себепкер болды. Дегенмен бұл көрсеткішті 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырсақ, ол 7%-ға артық (2016 жылдың 1 тоқсаны – 706 мың унция). Мұндай көрсеткішке Бозшакөлдегі өндірістің артуы септігін тигізді.

 

Өндіріс барлық металдар бойынша 2017 жылға жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарқынмен жүріп жатыр. 

 

Бозшакөл

 

Бозшакөл КБК-дегі мыстың1 өндірісі 2017 жылдың 1 тоқсанында 22,9 мың тоннаға дейін жетті (2016 жылдың 4 тоқсаны - 21,2  мың тонна). Бұл көлемнің ішінде каолин балшығы бар кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасы өндірген 2,4 мың тонна бар. Мұндай өндіріс қарқыны 2017 жылға жоспарланған 95-110 мың тонна аралығындағы көрсеткішке жетуге мүмкіндік береді.

 

Бозшакөлдегі кен өндіру биылғы жылдың бірінші тоқсанында 13%-ға артып, 9,9 млн тоннаға жетті. 2016 жылдың 4 тоқсанында бұл көрсеткіш 8,8 млн тонна деңгейінде болды. Егер сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасы пайдаланудың бастапқы сатысында болған 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырсақ (5 млн тонна), кен өндіру көлемі екі есеге таяу артқан. 

 

2017 жылдың 1 тоқсаны барысында орташа үлесі 0,57% болатын 5,1 млн тонна сульфидті кен қайта өңделген (2016 жылдың 4 тоқсаны - 4,9 млн тонна). 2016 жылдың 4 тоқсанында да осындай үлес болған. Жартылай  өздігінен ұсақтау диірменінің қаптамасын ауыстыру үшін қаңтар-ақпан айларында сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасында жұмыстарды жоспарлы тоқтату және ара-тұра техникалық қызмет көрсетуге тоқтату орын алды. Ал наурыз айында фабриканың өткізу мүмкіндігі арта түсті.

 

Сонымен қатар Бозшакөлде каолин балшығы бар орташа мыс үлесі 0,68% болған 495 мың тонна кен қайта өңделді. 2017 жылдың 1 тоқсанында каолин балшығы бар 5,6 млн тонна кен өндірілді. Оның көп бөлігі қоймаға жиналды.  

 

1 тоқсанның барысында толлинг жүйесі бойынша қайта өңдеу үшін 2,1 мың тонна концентраттағы мыс Балқаш мыс балқыту зауытына жіберілді.

 

Алтынның1 өндірісі өткен тоқсанмен салыстырғанда 8% артып, 28,5 мың унцияға жеткен. Ол қайта өңдеу көлемінің артуына, кендегі алтын үлесінің артуына және бөліп алу коэффициентінің жақсаруына байланысты. Осы жыл барысында біртіндеп алтынның үлесі азайды деп күтілуде. Алтынның1 өндірісі 2017 жылға жоспарланған 85-110 мың унция аралығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қарқынмен жүріп жатыр. Күмістің1 өндірісі 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 10%-ға артып, 161 мың унцияға жетті.

 

Ақтоғай

 

Ақпан айының ортасында сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасында алғашқы тауарлы мыс концентраты өндірілді. Ал жалпы билығы жылдың 1 тоқсанында мұнда 7,2 мың тонна мыс1 өндірілді. Мыс өндірісінің жоғары көлемі өтпелі аумақтағы мыс үлесінің жоғары болуына байланысты. Кейінгі кезеңдерге мыстың үлесі төмендейді деп күтілуде. Жаңа фабрикадағы іске қосу-реттеу жұмыстары барысында айтарлықтай проблемалар анықталмады. 1 тоқсанның нәтижелерін ескере келе компания сульфидті кеннен мыс1 өндіруде 2017 жылға жоспарланған 45-65 мың тонна аралығындағы көрсеткішке жетудің көздеп отыр.

 

Оксидті кендерді өңдейтін кешенде 1 тоқсанда 4,7 мың тонна катодты мыс өндірілді. Өндіріс көлемінің төмендеуі (2016 жылдың 4 тоқсаны - 6,1 мың тонна) аяздардың маусымдық салдарынан орын алды. Өндірілген және шоғырлы сілтісіздендіру алаңына жүктелген оксидті кеннің көлемі 1 тоқсанда 2016 жылдың 4 тоқсанымен салыстырғанда 30%-ға артып, 4,2 млн тоннаға жеткен. 2017 жылы оксид кенінен катодты мыс өндіру 20 мың тонна көлемінде жоспарланған. Жылдың жылы мезгілдерінде өндіріс қарқыны артады деп күтілуде.

 

Биылғы жылдың 1 тоқсанында Балқаш мыс балқыту зауытына толлинг жүйесі бойынша қайта өңдеу үшін Ақтоғайдан 2,5 мың тонна концентраттағы мыс жөнелтілді.

 

Мыс өндірісі 2017 жылға жоспарланған 65-85 мың тонна аралығына жетуге мүмкіндік беретін қарқынмен жүріп жатыр. Бұл кезде ақысы төленетін концентраттағы металл мен оксидті кеннен өндірілетін катодты мыс та ескеріледі.

 

Шығыс өңір мен Бозымшақ

 

Шығыс өңірдегі кәсіпорындар мен Қырғызстандағы Бозымшақ кеніші 17,3  мың тонна мыс1 өндірді (2016 жылдың 4 тоқсаны - 17,6 мың тонна). 2017 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануы тоқтаған Юбилейно-Снегирхин шахтасының қоймаланған кені де қайта өңделді.

 

Қаржылық көрсеткіштер

 

2017 жылғы 31 наурыздағы мәліметтерге сәйкес Топтың таза берешегі $2,55 млрд дейін жетіп, 2016 жылғы 31 желтоқсандағымен салыстырғанда азайды. Бұл кезеңдегі берешек $2,67 млрд болған еді. Қолда бар қаражат көлемі – $1,1 млрд. Ақтоғай жобасы бойынша күрделі шығындар 2017 жылы жоспарланған $265 млн салыстырғанда $200 млн дейін айтарлықтай азайды. Бұған сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасын пайдаланудың бастапқы кезеңіндегі ілгерілеу мен Бозшакөл жобасымен операциялық ұқсастығының арқасында қол жетті.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен біздің жаңа кеніштеріміздегі өндіріс қарқынын арттырудағы ілгерілеу туралы хабарлаймын. Оның ішінде сульфидті кендерді қайта өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасының жақсы нәтижелері де бар. Ақтоғайдағы жаңа кен байыту фабрикасы 1 тоқсанда 7 мың тонна  мыс өндірді. Уәде еткеніміздей KAZ Minerals өндірістің өсімі бойынша саладағы көшбасшы атанып, 2016 жылы әлемдегі ең аз шығынды  мыс өндірушісі болды».

 

1Концентраттағы ақысы төленетін метал

 

Актогай - карьер, горная техника

Актогай - конвейер

Актогай - листы катодной меди

Актогай - оксиднаяруда

Актогай - панели выщелачивания

Актогай - производство катодной меди

Бозшаколь - карьер

Бозшакольский ГОК

 

... рет оқылды 625 рет