«KAZ Minerals Aktogay»ЖШС

Ақтоғай – ашық типтегі ірі мыс кеніші. Ол Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кентінің маңында орналасқан және әлемдегі ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді

 
 
 

Мұндағы жұмыс екі бағытта жүріп жатыр: тотыққан және сульфидті кен орнындағы жұмыс.

 

Кен орынды игеру индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына кіреді және KAZ Minerals Тобының екі өркендеу жобасының бірі болып табылады (екінші жоба – Павлодар облысындағы Бозшакөл кен орнын игеру). Оларды іске қосу таяу жылдары катодты мыс өндірісін 50%-дан астамға арттыруға мүмкіндік береді. Кен орынның минералды ресурстары 1,7 млрд тонна. Кендегі мыстың жалпы көлемі – 5,8 млн тонна. Сульфидті кендерді қайта өңдеу кезінде ілеспе өнім ретінде молибден концентраты өндірілетін болады.

 

Инвестициялар көлемі: 2,1 млрд. АҚШ доллары. Жобаны қаржыландыру жеке және қарыз қаражат (Қытай даму банкі бөлген қаржы жұмсалады) есебінен жүзеге асырылады.

 

Кенішті пайдалану мерзімі: 50 жылдан астам.

 

Іске қосу: 2015 жылдың желтоқсан айында тотыққан кенді қайта өңдеу кешені, 2016 жылдың желтоқсан айында сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасы.

 

Жоспарлы жылдық көлемі/ қайта өңдеу қуаты:37 млн тонна кен, оның ішінде 25 млн тонна сульфидті кен.

 

Алғашқы 10 жылдағы орташа жылдық өндіріс көлемі: сульфидті кеннен 90 мың тонна катод эквивалентіндегі мыс және тотыққан кеннен 15 мың тонна катодты мыс.

 

Кендегі мыстың үлесі: 0,33% (сульфидті кен), 0,37% (тотыққан кен).

 

Пайдалану кезіндегі қызметкерлерді есепті саны: 1 500 адам

 

Сату нарығы: негізінен Қытай

 

Артықшылықтары:

  • Алдыңғы қатарлы тау-кен және кен байыту жабдықтары,
  • Жоғары өнімділік,
  • Ұзақ мерзімді пайдалану,
  • Жайлы тұрмыстық жағдайлар

Қазіргі жағдай:

 

Ақтоғай КБК тотыққан кеннен алғашқы катодты мысты 2015 жылғы 1 желтоқсанда өндірді. Тотыққан кенді қайта өңдеу кешені коммерциялық өндіріс деңгейіне 2016 жылғы 1 шілдеде жетті.

 

Сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылы 6 желтоқсанда басталды. Қазір мұнда жабдықтарды баптау жұмыстары жүріп жатыр. 2017 жылғы 13 ақпанда алғашқы тауарлы мыс концентраты өндірілді.

 

Ақтоғайдағы өндірісті қолдау шығындары 2017 жылы $20 млн құрайды. Өндірісті кеңейтуге арналған күрделі шығындар $265 млн көлемінде көзделген.

 

2016 жылы Ақтоғайда катод эквивалентіндегі 18,1 мың тонна мыс өндірілді.

 

2017 жылы сульфидті кендерді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасынан 45-65 мың тонна концентраттағы ақысы төленетін металл өндіру жоспарланған. Сульфидті кендерді қайта өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасы 2017 жылдың екінші жартысында өндірістің жобалық деңгейіне жетеді деп көзделген. Ақтоғайдағы тотыққан кендерден мыс өндіретін кешен бүгінгі күні қуатын 100% пайдаланып отыр. 2017 жылдың соңында катодты мыстың өндірісі 20 мың тонна көлемінде жоспарланған. 

 

Кеніштегі өндірістік қуаттарға келсек, мұнда шөміштерінің көлемі 22 текше метр болатын электргидравликалық экскаваторлар бар. Олар кенді 140 тонна тасымалдай алатын жүк көліктерге тиейді. Ауыр бұрғылау қондырғылары, бульдозерлер, шынжыр табанды грейдерлер, доңғалақты бульдозерлер және фронталды тиегіштер қосалқы өндірістік фунцияларды орындауға пайдаланылады.

 

Жобада әлемдегі ең үлкен конусты үгіткіштердің бірі, 28 МВт редукторсыз жетегі бар әлемде екінші орын алатын жартылай өздігінен ұсақтау диірмені, 22 МВт редукторсыз жетегі бар әлемдегі ең ірі екі шар диірмені қолданылады.

 

Қызметкерлер вахталық қалашықтың екі кісілік бөлмелерінде қоныстанады. Мұнда бос уақытты тиімді өткізуге және спортпен шұғылдануға жағдай жасалған. Кампус-жатақханалар барлық керек дүниелермен, оның ішінде демалыс бөлмелерімен, киім жуатын бөлмемен, кітапханамен, тренажер залымен қамтамасыз етілген. Асхана 1200 адамға арналған, қызметкерлер үш уақыт тамақтанады. Аумақ wi-fi-мен қамтылған. Жасалған жағдайлар шетелдік алдыңғы қатарлы тау-кен кәсіпорындарындағы жағдайларға сай.

... рет оқылды 832 рет