KAZ Minerals Тобы 2016 жылдағы іс-қызметініңнәтижелерін жариялады

KAZ Minerals Тобы 2016 жылдағы өндірістік іс-қызметінің және аудиттелген қаржылық нәтижелерін жариялады

Өткен жылы Топ Бозшакөл мен Ақтоғай өркендеу жобаларын құрылысын аяқтады. Жаңа кеніштерді іске қосу - $4 млрд  көлеміндегі инвестициялардың нәтижесі. 2017 жылы Топ 225-260 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отыр. Сөйтіп, ол 2018 жылы ірі ауқымды аз шығынды өндіріс негізінде шамамен 300 мың тонна мыс өндіру стратегиялық мақсатына жақындай түседі. Бұл көлемнің 80% ашық типтес кеніштерде өндірілетін болады.

 

Өндірістік нәтижелер

 

Бұған дейін хабарланғандай KAZ Minerals Тобы 2015 жылмен салыстырғанда (81,1 мың тонна) 2016 жылы өндіріс көлемін 73%-ға арттырып, 140,3 мың тонна катод эквивалентіндегі мыс өндірді. Шығыс өңірдегі кәсіпорындар мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК-нің үлесі 77,4 мың, Павлодар облысындағы Бозшакөл КБК-нің – 44,8 мың,  ШҚО-ғы Ақтоғай КБК-нің – 18,1 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты құрады.

 

Компания өндірген кеннің көлемі – 49 млн тонна (2015 жылы – 14,5 млн тонна).

 

2016 жылдың ақпан айында компания Бозшакөлдегі сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасында мыс концентратын өндіре бастады. 2016 жылдың қазан айында фабрика жобалық өндіріс көлеміне жетті. 2016 жылдың төртінші тоқсанында диірмендердің орташа өткізу мүмкіндігі 75% құрады. 2016 жылғы 29 қыркүйекте каолин балшығы бар кеңдерді өңдейтін екінші фабрикада іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Төртінші тоқсандағы алғашқы сынақ барысында аталмыш фабрика 0,2 мың тонна концентраттағы мыс өндірді. Фабриканың өндіріс қуаты 2017 жылы да арта береді.

 

Ақтоғайдағы тотыққан кенді өңдейдін кешен 2016 жылғы 1 шілдеде коммерциялық өндіріс деңгейіне жетті. Сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылғы 6 желтоқсанда басталды. Қазіргі уақытта жабдықтар сынақтан өтіп жатыр. Мұндағы алғашқы тауарлы концентрат 2017 жылғы 13 ақпанда өндірілді.

 

2016 жылы ілеспе өнімдердің өндірісі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. 12 ай ішінде Топ 75,4 мың тонна концентраттағы мырыш өндірді. Жоспарлы көрсеткіш аралығы - 70-75 мың тонна болған. Жоспарлы көрсеткіштер 95-115 мың унция алтын мен 2,5-2,75 млн унция күміс болғанымен, алтын мен күмістің құйма эквивалентіндегі өндірісі тиісінше 119,7 мың және 3,103 млн унцияны құрады.

 

Қаржылық нәтижелер

 

2016 жылы Топ 141 мың тонна мыс өткізді (2015: 84 мың тонна), сауда көлемі Лондон металдар биржасындағы мыстың орташа бағасының төмендеуінің орнын толтыруға мүмкіндік берді. 2016 жылы мыстың биржадағы орташа бағасы тоннасына $4 860 құрап, 2015 жылдағы $5 495 салыстырғанда 12% арзандады.

 

Өткізілімнен түскен жалпы табыс $969 млн құрап, 2015 жылмен ($677 млн) салыстырғанда 43%-ға артық. Бұл Бозшакөл мен Ақтоғайдың тиісінше $280 млн және $68 млн болған үлестерінің арқасында мүмкін болды. Табыстар мен шығындар туралы есепте көрсетілген өткізілімнен түскен табыстар 2016 жылы 15%-ға артып, $766 млн жетті. Ол Бозшакөл ($93 млн) және Ақтоғай ($52 млн) кеніштерінің жобалық өндіріске қол жеткізгеннен кейінгі өнімді өткізуден түскен біріккен табыстарын да сипаттайды. Бұл кеніштердің жобалық деңгейге дейінгі өндіріс кезіндегі өткізілімнің табыстары $187 млн (Бозшакөл) және $16 млн (Ақтоғай) құрап, капиталға айналдырылды. 2015 жылы жобалық деңгейге дейінгі өндіріс кезіндегі сатылымның $12 млн табысы Бозымшақ кенішінің өнімін өткізуден түскен табысынан ғана тұратын.

 

Топтың жалпы EBITDA көрсеткіші 2015 жылдағы $208 миллионнан 2016 жылдағы $492 млн дейін артты. Оны Бозшакөлдің және Ақтоғайдағы тотыққан кенді өңдейтін кешеннің өнімі 2016 жылдың бірінші тоқсанында сатыла бастауымен және Бозымшақ КБК-нің өнімінің сатылым көлемінің артуымен түсіндіруге болады. Топтың EBITDA $351 млн көлеміндегі көрсеткіші өткен жылдың көрсеткішінен ($202 млн) асты және оның құрамында жобалық деңгейге дейінгі капиталдандырылған табыстар жоқ. Топтың операциялық пайдасы 142%-ға артып, $218 млн жетті. 2015 жылы бұл көрсеткіш $90 млн болған.

 

2016 жылғы 31 желтосқандағы жағдай бойынша Топтың таза берешегі $2,67 млрд құраса, нақты қаражаттың сомалық көлемі $1,1 млрд тең. 2016 жылдың желтоқсан айында KAZ Minerals Тобы  Қазақстанның даму банкінен жаңа несие желісі бойынша $300 млн алып, қолданыстағы экспорт алдындағы несие желісін $50 млн арттыру туралы келесімге қол жеткізді. Ақтоғайдағы қаражат салу бюджеті $200 млн  азайып, $2,1 млрд жетті, Бозшакөл бойынша $100 млн көлеміндегі соңғы төлемдер 2017 жылға жоспарланған. Жеке және қарыз қаражаттардың қатынас көрсеткіші айтарлықтай жақсарып, болашақта оны қысқарту жоспарланған.

 

Топ кәсіпорындарындағы таза ақшалай өзіндік құн 2016 жылы бір фунтқа 59 АҚШ центін құрады (2015: бір фунтқа 109 АҚШ центі). Бозшакөлдегі өндірістің жалпы және таза өзіндік құны тиісінше бір фунтқа 106 және 27 АҚШ центі деңгейінде болды. Бұл көрсеткішке кеніш жұмысының бастапқы кезіндегі төмен шығындар оң әсер етті. Шығыс өңір мен Бозымшақтағы мыс өндірісінің жалпы ақшалай өзіндік құны – бір фунтқа 191 АҚШ центі. Бұл кәсіпорындардағы өндірістің таза ақшалай өзіндік құны – бір фунтқа 68 АҚШ центі (2015: бір фунтқа 109 АҚШ центі).

 

2016 жылы компания мүмкін болған жерде күрделі шығындарды қысқартты. Шығыс өңір мен Бозымшақтағы өндірісті қолдауға жыл басында жоспарланған $80-90 млн орнына $50 млн бөлінді. Топтың өндірісін кеңейту жөніндегі күрделі шығындары бастапқыда жоспарланған $575 млн емес, $273 млн құрады.

 

2017 жылы өндірісті қолдау шығындары мынандай болады деп күтіліп отыр: $70 млн – Шығыс өңір мен Бозымшақ, $30 млн – Бозшакөл, $20 млн -  Ақтоғай. Өндірісті кеңейтуге арналған күрделі шығындарға $415 млн жоспарланған: $265 млн «Ақтоғай» жобасына бағытталады, «Бозшакөл» жобасы бойынша соңғы төлемдер $100 млн құрайды, $30 млн Артемьев шахтасының екінші кезегіне және $20 млн басқа мақсаттарға, оның ішінде «Көксай» жобасы және Қазақстандағы мыс балқыту зауыты жобасы бойынша зерттеулерге жұмсалады.

 

Мыс балқыту зауыты Бозшакөл мен Ақтоғайдың мыс концентратын өңдейтін болады. Құрылысты бастау туралы шешім қосымша техникалық және экономикалық бағалаудан кейін және регрессіз жобалық қаржыландыру амалдары болса қабылданады.

 

Топтың қаржылық жағдайының оң болжамына қарамастан өркендеу жобаларына айтарлықтай қаржы құйылғандықтан Директорлар кеңесі дивиденттерді төлеуге ұсыным бермейді және қысқа мерзімді басым бағытта жеке және қарыз қаражаттар қатынасының көрсеткішін жақсартуды жалғастырады. Листинг басталғалы бері Топ акционерлерге $2,1 млрд жуық қаржы төлеп, болашақта төлемдерді жандандыруды жоспарлап отыр.

 

2017 жылдың жоспары

 

Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірістің артуын ескере отырып, бүкіл Топтың мыс өндірісі бойынша жылдық жоспарлы аралығы1 айтарлықтай кең болып бекітілді – 225-260 мың тонна.

 

Бозшакөл КБК бөліп алуды арттыру мен өнімділікті жоғарылату мақсатында флотациялық процессті жақсарту жоспарланған. Кеніш жылдың екінші жартысында толық қуатына жетіп, 2017 жылы 95-110 мың тонна концентраттағы тауарлы мыс өндіреді деп күтілуде. KAZ Minerals Ақтоғай КБК-де бозшакөлдік тәжірибені қолданып, мұнда 45-65 мың тонна концентраттағы мыс өндіруді жоспарлап отыр. Сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай фабрикасы жобалық өндіріс деңгейіне 2017 жылдың екінші жартысында жетеді деп көзделген. Ақтоғайдағы тотыққан кеннен мыс өндіретін кешен бүгінгі күні 100% қуатымен жұмыс істеп тұр және жыл соңына қарай катодты мыстың өндіріс көлемі 20 мың тонна болады деп жоспарланған.

 

Шығыстүстімет пен Бозымшақтағы өндіріс жоспары – 65 мың тоннаға жуық катодты мыс (2016 жылы бұл көрсеткіш 77,4 мың тонна құраған). Төмендеу 2016 жылдың желтоқсан айында Юбилейно-Снегирихин шахтасының тоқтауы мен Орлов шахтасындағы техникалық жұмыстарға байланысты (олардың салдарынан Шығыстүстіметтің ірі кәсіпорындарының бірі аптасына алты күн жұмыс істеуге мәжбүр).

 

2017 жылы 135-170 мың унция1, оның ішінде Шығыс өңір мен Бозшакөлден 50-60 мың унция, Бозшакөлден 85-110 мың унция алтын өндіруді жоспарлап отыр. Күміс өндіру жоспары1 - 2,75-3,00 млн унция. Концентраттағы мырыш өндіру деңгейі 70-75 мың тонна болып белгіленді.

 

KAZMineralsТобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Біздің жаңа жобалардың сәтті іске қосылуы мыс өндірісін 73% арттыра отырып, саладағы таза ақшалай өзіндік құнның ең төменгі деңгейін – бір фунтқа 59 АҚШ центін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жақындағы Ақтоғай КБК-гі сульфидті кеннен өнім өндіру басталғалы бері Бозшакөл мен Ақтоғай толықтай пайдалануға дайын. Қазіргі уақытта нарықтың нығайюы жағдайында KAZ Minerals өзінің мақсатына жету жолында, яғни 2018 жылы 300 мың тонна аз шығынды мыс өндіруге жетуде жоғары әлеуетін көрсетіп отыр».

 

   12017 жылғы мыс, алтын мен күміс өндірудің жоспарлы көрсеткіштері – төленетін концентраттағы метал мен өндірілген дайын металдар.

$ млн (басқасы көрсетілмесе)

2016

2015

Жалпы өнім1

969

677

Жалпы EBITDA2

492

208

Табыс

 766

 665

EBITDA (ерекше баптар алынып тасталғанда)

 351

 202

Операциялық пайда

218

90

Салық салуға дейінгі пайда

220

 12

Базалық пайда /(шығын)

180

 (10)

Акция табысы – базалық пайдаға негізделген($)

 0,40

 (0,02)

Жалпы өзіндік құн (бір фунтқа АҚШ центі)

 156

 230

Таза өзіндік құн (бір фунтқа АҚШ центі)

 59

 109

Таза берешек

 2 669

 2 253

1 Жобалық деңгейге дейін өндірілген өнімді өткізгенен түскен табыс та бар.

2 Жобалық деңгейге дейінгі өндірістен алынған EBITDA да бар.

 

 

... рет оқылды 666 рет