KAZMineralsТобы 2016 жылдағы өндірістік іс-қызметін қорытындылады

2016 жылы KAZ Minerals Тобы 2015 жылмен салыстырғанда катод эквивалентіндегі мыс өндірісін айтарлықтай арттырды: өткен жылда мыс өндірісі 73% артып, 140,3 мың тоннаны құрады

Бұл жылдық 135-145 мың тонна аралағындағы жоспарлы көрсеткіштерге сай. Сульфидті кендерді өңдейтін Бозшакөл кен байыту фабрикасы 2016 жылы катод эквивалентіндегі 44,8 мың тонна мыс өндірсе, тағы 18,1 мың тонна катодты мыс Ақтоғайдағы тотыққан кендерді қайта өңдеу кешенінде өндірілген. 2016 жылы ілеспе өнімдердің өндірісі жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. 

 

Есепті кезеңде өндірілген кеннің көлемі 2015 жылмен (14,5 млн тонна) салыстырғанда үш есе артып, 49 млн тоннаға жеткен. Бұл Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өңдеу кәсіпорындарын қажетті кен көлемімен қамтамасыз ету мақсатындағы тау-кен жұмыстарының артуына байланысты. 2015 жылмен салыстырғанда кен құрамындағы мыстың мөлшері күтілгендей аз, яғни 0,66% болды. Себебі, Бозшакөл (0,58%) мен Ақтоғайда (0,41%) құрамындағы мысы аз кендерді өндіру арта түсті.

 

Бозшакөлдегі кен өндіру 2015 жылдағы 7,1 млн тоннамен салыстырғанда артып, 28,3 млн тонна кенге дейін жетті. Бозшакөл КБК-нің ең жоғары өңдеу қуаты - жылына 30 млн тонна кенді құрайды. Өндіріс қарқынын арттыру жоспарға сай жүріп жатыр, 2016 жылдың төртінші тоқсанында диірмендердің орташа өткізу мүмкіндігі 75% құрады. Сульфидті кендерді өңдейтін негізгі кен байыту фабрикасы катод эквивалентіндегі 44,8 мың тонна мыс өндірген. Бұл жылдық жоспарлы 45-55 мың тонна аралығындағы көрсеткіштің төменгі шегінің деңгейіне сай. 2016 жылғы 29 қыркүйекте каолин балшығы бар кеңдерді өңдейтін екінші фабрикада іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. Төртінші тоқсандағы алғашқы сынақ барысында аталмыш фабрика 0,2 мың тонна концентраттағы мыс өндірді. Фабриканың өндіріс қуаты 2017 жылы да арта береді. Балқаш мыс балқыту зауытындағы қайта өңдеу қуаты қол жетімді болып жатса, 2017 жылы оған толлинг сұлбасы арқылы Шығыстүстімет кәсіпорындарынан жеткізілетін өнімнің шартымен Бозшакөлден мыс концентратының аздаған көлемі жөнелтілуі мүмкін. Бұл ҚХР өнімді жөнелтумен салыстырғандағы көлік шығындары мен логистикадан үнемдеуге мүмкіндік береді.

 

2016 жылы Ақтоғай тау-кен жұмыстарын айтарлықтай арттырды. Биыл 16,1 млн тонна кен (2015 жылы - 3 млн тонна) өндірілді. Тотыққан кендерді қайта өңдейтін кешен 2016 жылдың 12 айында 18,1 мың тонна катодты мыс өндірді. Сульфидті кендерді өңдейтін кен байыту фабрикасындағы іске қосу-реттеу жұмыстары 2016 жылғы 6 желтоқсанда басталды. Қазір уақытта жабдықтар сынақтан өтіп жатыр. Алғашқы тауарлы мыс концентратын өндіру 2017 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланып отыр.

 

Шығыс Қазақстан облысындағы Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Қырғызстандағы Бозымшақ КБК 2016 жылы 4,7 млн тонна кен өндірді. Бозымшақ КБК-нің толық қарқынмен жұмыс істеуінің арқасында 2015 жылдың көрсеткіштерінен асып түсуге мүмкіндік туды. Бұл активтердің жиынтықты өндіріс көлемі 77,4 мың тонна катод эквивалентіндегі мысты құрады. Кендегі мыстың орташа мөлшері 2,01%. Бұған дейін хабарланғандай KAZ Minerals Тобы 2016 жылдың соңында баланстық қорлары толығымен өндірілгендіктен Шығыс Қазақстан облысындағы Юбилейно-Снегирихин шахтасындағы кен қазу жұмыстарын тоқтатты. Бір жыл ішінде бұл шағын кәсіпорын 5,5 мың тонна концентарттағы мыс, 0,8 мың унция концентраттағы алтын, 53,0 мың унция концентраттағы күміс және 0,5 мың тонна концентраттағы мырыш өндірген.

 

12 ай ішінде Топ 75,4 мың тонна мырыш өндірді. Жоспарлы көрсеткіш - 70-75 мың тонна аралығы. Алтын мен күмістің құйма эквивалентіндегі өндірісі де жоспарлы көрсеткіштерден артып, тиісінше  119,7 мың және 3,103 млн унцияны құрады. Ілеспе өнімдер өндірісінің жоспарлы көрсеткіштерінен асып түсуге Шығыстүстімет өндірген кеннің құрамындағы оның жоғары мөлшерінің және Бозшакөлдегі алтынның жоғары мөлшерінің арқасында қол жетті.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлідеді: «2016 жылы біз мыс бойынша да, ілеспе өнім бойынша да жоспарлы көрсеткіштерді орындағанымызға көңілім толады. Бұған дейінгі жылмен салыстырғанда катод эквивалентіндегі мыс өндірісінің 73%-ға артуын қамтамасыз еттік, Бозшакөл КБК және Ақтоғайдағы тотыққан кендерді өңдейтін кешендегі өндірісті арттыруды сәтті іске асырып келдік. Бозшакөлдегі жаңа жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің талаптары күтілген межеден аз болғандықтан, ол оның операциялық шығындарына жағымды әсер етті. Біз жалпы ақшалай өзіндік құнның бұған дейін айтылған бір фунт үшін 140-160 АҚШ центі аралығындағы көрсеткіштің төменгі шегінен 20% төмендеуін күтіп отырмыз. Бозшакөлдің жобалық қуатына шығуы барысында және Ақтоғайда сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру басталғанда біз 2017 жылы өсімді жалғастырамыз». 

 

Бозшакольский карьер

Конвейеры. Актогайский ГОК

Погрузка концентрата. Бозшакольский ГОК

Фабрика по переработке сульфидной руды. Актогай

Фабрика по переработке сульфидной руды. Актогай

Фабрика по переработке сульфидной руды. Актогай
... рет оқылды 1103 рет