Бозшакөлде екінші кен байыту фабрика іске қосылды

KAZ Minerals Тобы каолин балшығы бар кендері өңдейтін фабрикадағы құрылыс жұмыстарын аяқтап, іске-қосу және реттеу жұмыстарын бастады

Бозшаколь - каолинизированная ОФ

Бозшаколь - карьер

Бозшаколь - вид на каолинизированную ОФ

Бозшаколь - сульфидная ОФ

Бозшаколь - установка дробления и каолинизированная ОФ

2016 жылғы 29 қыркүйек

 

Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысындағы жұмыс сапары аясында ұйымдастырылған телекөпірде компанияның Басқарма төрағасы Олег Новачук мәлімдеді.

 

2015 жылдың желтоқсан айында Бозшакөл КБК-ның жылына 25 млн тонна сульфидті кендерді өңдеуге қуаты жететін байыту фабрикасында іске қосу және реттеу жұмыстары басталған еді. 2016 жылдың ақпан айында мұнда алғашқы мыс концентраты өндірілді. Ал өңдеу қуаты жылына 5 млн тонна кенді құрайтын жаңа кәсіпорын іске қосылғаннан кейін жалпы жылдық өңдеу көлемі 30 млн тонна кенге жетеді. Жаңа фабрикада каолин балшығы бар кеннен тауарлы мыс концентратын өндіру 2016 жылы басталады деп көзделіп отыр.

 

Каолин балшығы бар кендер толығымен өңделгеннен кейін (12 жыл) кәсіпорын сульфидті кен байыту фабрикасы болып қайта жарақталады.

 

Кеңестік кезеңде Бозшакөлдегі кен қазу жұмыстары мұндағы құрамында сазы жоғары кеннің көп болуынан қиындаған. Каолин балшығы бар кендерді өңдейтін технологиялар жоқ еді. Технологиялардың дамуы арқасында бозшакөлдік қорларды өңдеуге қол жетті. Жұмыс істеп тұрған сульфидті кен өңдейтін байыту фабрикасын есепке алсақ, Бозшакөл кешені біртіндеп жылына (алғашқы 10 жылда) 100 мың тонна катод эквивалентіндегі мыс өндіру көлеміне жетеді.

 

2016 жылдың соңына дейін Бозшакөлде катод эквивалентіндегі 45-55 мың тонна мыс және құйма эквивалентіндегі 50-60 мың унция алтын өндіріледі деп жоспарланған.

 

Бозшакөлде 1500 жуық адам жұмыс істейтін болады. Яғни, кешеннің өнімділігі Қазақстанның қолданыстағы мыс өндіретін кәсіпорындарынан 15 есе жоғары.

 

Кен орынды пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам.

 

KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деп мәлімдеді: «Мен жаңа кен байыту фабрикасының жұмысы бастау алғанын қуана хабарлаймын. Бозшакөл КБК-гі құрылыс жұмыстары аяқталып қалды.  Ендігі мақсатымыз өндіріс қуатын жылына катод эквивалентіндегі 100 мың тоннаға жеткізу. Осылайша компания өзінің стратегиялық мақсаты – 80% кенді шығыны аз, ашық типтегі карьерлерде өндіретін ұзақ мерзімді өндіруші болуға жақындады».

 

---------------

КAZ Minerals – Қазақстанда заманауи, азшығынды тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялқ іс-қызметін Шығыс Қазақстанда орналасқан төрт кеніші мен үш кен байыту фабрикаcында, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде, Бозшакөл және Ақтоғай кен байыту кешендерінде жүргізеді. 2015 жылы Шығыс Қазақстан мен Бозымшақтағы катодты мыстың жалпы өндіріс көлемі 81 мың тоннаны құрады. Ілеспе өнім ретінде 94 мың тонна концентраттағы мырыш, түйіршік түріндегі 3,14 млн. унция күміс пен құйма түріндегі 35 мың унция алтын өндірілді.

 

2016 жылдың ақпан айында Топ Павлодар облысында орналасқан ашық типтегі ірі ауқымды кеніш – Бозшакөл кен байыту кешенін іске қосты. Компанияның екінші өркендеу жобасы – Шығыс Қазақстандағы Ақтоғайда сульфидті кенді қайта өңдеу фабрикасының құрылысы жалғасуда. Аталмыш жобалар осы саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырмақ.

 

Павлодар облысында орналасқан Бозшакөл КБК кен байыту фабрикаларының жылдық жобалық қуаты 30 млн тонна кенді құрайды. Кен орнынның пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам. Кендегі мыс құрамы 0,36%. Операциялық шығындар бойынша Бозшакөл халықаралық мыс өндіруші жобалар арасында бірінші квартильге кіреді. Жылдық өндіріс көлемі – алғашқы 10 жылда катодты эквивалентегі 100 мың тонна мысты және 120 мың унция концентраттағы алтынды құрайды.

 

Ақтоғайда тотыққан кеннен катодты мыс өндіру 2015 жылдың желтоқсан айында басталды, ал сульфидті кеннен мыс концентратын өндіру 2017 жылдың бірінші жартысында басталады. Сульфидті кенді қайта өңдеу жөніндегі жылдық қуаты – 25 млн тонна. Мыс мөлшері 0,33% (сульфидті кен) және 0,37% (тотыққан кен). Кен орынды пайдалану мерзімі - 50 жылдан астам. Ақтоғай кен орнының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіруші жобаларының арасында бәсеке қабілетті болып табылады. Жылдық өндіріс көлемі - алғашқы 10 жылда сульфидті кен учаскесінен өндірілетін 90 мың тонна катодты эквивалентегі мысты және тотыққан кен учаскесінен өндірілетін 15 мың тонна катодты эквивалентегі мысты құрайды.

 

KAZ Minerals PLC компаниясының құнды қағаздары Лондон, Гонконг пен Қазақстан қор биржаларында айналымда. Топта шамамен 12 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары.

... рет оқылды 2264 рет