KAZ Minerals Тобы 2016 жылдың бірінші жарты жылындағы өндірістік қызметін қорытындылады

2016 жылдың бірінші жарты жылында KAZ Minerals Тобы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 43%-ға өндіріс көлемін арттырып, 52,6 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірді

Өндіріс көлемдерінің үздіксіз арттыру жылдың екінші жартысында да күтіледі. Сөйтіп, 2016 жылдың соңына қарай компания жоспарланған 130-155 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс көлеміне қол жеткізуге ниетті (салыстырсақ: 2015 жылы Топ  81,1 мың тонна өндірген).

 

Жалпы нәтижелер

 

Шығыстүстімет (ШҚО) пен Бозымчшақ КБК (Қырғызстан) кәсіпорындарында 39,4 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс өндірілді. Ол 2015 жылдың бірінші жартысындағыдан 7% артық (36,7 мың тонна). Алайда негізінен өндірістің өсімі жаңа кеніштер – Бозшакөл мен Ақтоғайдың пайдалануға берілуі есебінен болды (7,8 мың тонна және 5,4 мың тонна тиісінше). Бозшакөлдегі сульфидті кенді өңдейтін кен байыту фабрикасы өз жұмысын бірінші тоқсанда бастады, Ақтоғайдағы тотыққан кенді өңдеу жөніндегі кешен жыл ішінде өзінің жобалық қуатына жетеді.

 

KAZ Minerals Тобы бойынша концентраттағы мыс өндірісінің көлемі алты айдың ішінде 53,3 мың тоннаны құрады (2015 жылдың бірінші жарты жылындағы 43,3 мың тоннамен салыстырғанда), соның ішінде осы жылы Бозшакөлде алынған 10,6 мың тонна концентраттағы мыс.

 

Есепті кезең ішінде компания өндіріп шығарған кеннің көлемі 22,1 млн тоннаны құрады. 2015 жылдың бірінші жарты жылында бұл көрсеткіш 2,5 млн тоннаны құраған. Елеулі өсім Бозшакөл мен Ақтоғайдағы ашық тәсілмен кең ауқымды өндіру жұмыстарының басталуымен байланысты болды. Кеннің құрамындағы мыстың орташа құрамдылығы – 0,65%.

 

Ілеспе өнімдер

 

Бірінші жартыжылдықта KAZ Minerals 39,6 мың тонна концентраттағы мырыш өндіріп шығарды, өткен жылдың сондай кезеңіндегіден 21% кем.  Бұл Шығыс аймақтағы кеніштерінің кеніндегі мырыштың құрамдылығы 3,25% бастап 2,91% дейін кемуіне байланысты. Екінші жартыжылдықта Орлов шахтасындағы вентиляциялық жөндеу жұмыстардан, мырыш өндірісінің одан әрі де кемуі күтіліп отыр.

 

Құйма түріндегі күміс өндірісінің көлемі 1,43 млн унцияны құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,66 млн унцияны құрады. Кемуі Шығыстүстімет шахталарында күмістің құрамы кем учаскелерінде кеннің өндірумен және Балқаш мыс балқыту зауытындағы шикізаттың жинақталуына байланысты болды, алайда Бозымшақтағы күмістің өндірілуімен біршама өтелді.

 

Алтынның өндіріс көлемі елеулі арттырылды – өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы 16,1 мың унциямен салыстырғанда 39,1 мың унция құйма түріндегі алтын өндірілді. Оның ішінде Бозшакөлде өндірілгені 9,1 мың унция (соның арасындағы 8,8 мың унция – екінші тоқсанда). Шығыс аймақтың кәсіпорындарында (Шығыстүстімет) және Қырғызстандағы Бозымшақ КБК 30 мың унция құйма эквиваленттіндегі алтын өндірілген. Жобалық қуатында есепті кезеңде жұмыс істеген Бозымшақ 17,9 мың унция (2015 жылдың бірінші жартыжылдығы – 5,1 мың унция) өндіріп шығарды. Шығыстүстімет пен Бозымшақтың жоспарларында – жыл соңына қарай жоғары диапазон 40-50 мың унцияға қол жеткізу немесе одан артып түсу. Жалпы алғанда Топ бойынша  құйма эквиваленттегі алтын өндірісі, бұрын хабарланғандай,  90-120 мың унция көлемінде болады деп жоспарлануда.

 

Бозшакөл

 

Павлодар облысыныда орналасқан Бозшакөл КБК пайдалануға беру, кестеге сәйкес жүргізілуде. Негізгі жабдықтар – үгіткіш, өздігімен жартылай үгіткіш диірмен және екі шарлы диірмен – жүктемелік сынақтан толықтай әрі сәтті өтті. Екінші тоқсанда Бозшакөлде 9,5 мың тонна концентраттағы мыс өндірілген. Бірінші тоқсанда, салыстыру үшін, бұл көрсеткіш 1,1 мың тонна болды.

 

Бірінші жартыжылдықта КБК өнімділігі 17 күн бойына жалпы шектелген болды – мамырда жабдықтарды бекіндіру және басқа да техникалық қызмет көрсету жұмыстарының мақсатымен жоспарлы іркіліс болды, маусымда іске қосу-баптау жұмыстары орындалды. Кен байыту фабрикасында өндірісті арттыру жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдың екінші жартысында өндірістің жобалық қуатына жету көзделген. 2016 жылдың соңына қарай Бозшакөлде 45-65 мың тонна катодты эквиваленттегі мыс және 50-70 мың унция құйма эквивалентіндегі  алтын өндіріп шығару жоспарланып отыр.

 

Бозшакөл КБК-да мыс концентратының өндірісі 2016 жылдың ақпан айында басталған болатын.   Алғашқы концентарты жөнелту наурыз айында болды. Барлығы жарты жыл ішінде 18 жөнелту болды.

 

Бозшакөл КБК пайдалану мерзімі – 40 жылдан астам уақыт. Бастапқы он жыл ішінде  Бозшакөл жылына 100 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс пен жылына 120 мың унция көлемінде алтын өндіреді.

 

Ақтоғай

 

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Ақтоғай КБК екінші тоқсанда тотыққан кеннен 3,9 мың тонна катодты мыс өндірілді, бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш 1,5 мың тоннаға тең келген (жиыны 5,4 мың тонна). Өндірісті ұлғайту жалғастырылуда, жылдың соңына қарай Ақтоғайда  15 мың тонна катодты мыс өндіру күтіледі.

 

Бірінші жарты жылда Ақтоғайда 8,7 млн тонна кен өндірілді. 101-106 түптеп сілтісіздендіру панелдеріне құрамында 35,7 мың тонна мыс бар кен жеткізілді. Кендегі мыстың орташа құрамдылығы бірінші тоқсандағы 0,38%-дан екінші тоқсандағы 0,44%-ға дейін артты.

 

Тотыққан кеннің астында жатқан сульфидті кен 2017 жылы негізгі кен байыту фабрикасында өңделетін болады. Фабриканың құрылысы бүгінде алдын ала жоспарланған кестемен жүргізілуде.

 

Тотыққан кенді өндіріп шығару әрі өңдеу 11 жыл бойы жүргізіледі. Ақтоғай КБК пайдалану мерзімі – 50 жыл. Бастапқы он жылда өндіріс көлемі жылына сульфидті кен учаскелерінен 90 мың тонна мысты құрайтын болады  және тотыққан кен учаскелерінен жылына өндірілуі 15 мың тонна катодты мысты құрайтын болады.

 

Бірінші жартыжылдықтың нәтижелеріне қатысты KAZ Minerals Тобының басқарма төрағасы Олег Новачук былай деді: «Біздің жаңа кен орындарымыз, яғни Бозшакөлдің, Ақтоғайдың және Бозымшақтың арқасында Топтың өндіріс көлемі елеулі түрде жоғарылады – бірінші жарты жылда біз мыстың өндірісін 43% арттырдық. Шығыс аймақтың кәсіпорындары алға қойылған мақсаттарға сәйкес жұмыс жасауды жалғастырып келеді, Шығыстүстіметтің барлық кеніштері жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге дайын. Бүгінде KAZ Minerals тау-кен өндіру секторында өсімнің жоғары қарқындарын көрсетіп отыр, және біз 2016 жылдың бірінші жартысыдағы қаржылық нәтижелерді тамыз айында жариялаймыз».

... рет оқылды 2320 рет