20.04.2013
Қазақстанда 2015-2019 жылдарға арналған минералдық-шикізаттық кешенді дамыту бағдарламасы қабылданады
2015-2019 жылдарға арналған минералдық-шикізаттық кешенді дамытудың салалық  бағдарламасы  2013 жылы әзірленеді, деп мәлімдеді индустрия және жаңа технорлогиялар вице-министрі  Нұрлан Сауранбаев.
 
 
"Биыл 2015-2019 жылдарға арналған минералдық-шикізаттық кешенді дамытудың салалық  бағдарламасы  әзірленеді.Егер өткен жылы  даму тұжырымдамасын жасасақ, биыл салалық бағдарлама әзірленеді, онда біздің нақты не істейтініміз және таяу бес жылда мемлекеттік қаржы қайда жұмсалатыны нақты айтылады ",-деді  Сауранбаев Астанада сәрсенбіде «МАЙНЕКС Оралық Азия»  тау-кен өндірісі төртінші форумында.
 
Оның айтуынша, бұл жұмыс  барлық геологиялық компаниялармен, үкіметтік емес ұйымдармен талқыланады.