15.05.2013
Машина жасау саласында 1 жұмыс орны ашылса, 10 адамға кәсіп табылады – Мәжіліс депутаты

 Машина жасау саласында бір жұмыс орны ашылса, 10 адамға кәсіп табылатын еді

Дейді BNews.kz тілшісіне сұхбат берген Мәжіліс депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылар одағының» басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев. 

«Машина жасау, машина құрастыру саласы ел экономикасының өсуіне себеп болатын бағыт. Оның дамуы экономиканың қарыштап өсуіне де көмегін тигізер еді. Мысалы, машина жасау саласында бір жұмыс орны ашылса, онымен байланысты салаларда 10 адамға кәсіп табылар еді», - дейді Мейрам Құдайбергенұлы.

Оның айтуынша, бұл саланы дамыту үшін тиісті шаралар қолға алынып та жатыр.

«Барлығыңыз білетіндей, ағымдағы жылдың 16-17 сәуірінде Қазақстанның алғашқы Машина Жасаушылары Форумы өтті. Форум жұмысына 900-ден астам маман қатысты, соның ішінде 120 шетелдік делегат пен басқа елдердің машина жасау кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Мәжіліс отырысы қарсаңында машина жасау салалары бойынша 7 тақырыптық дөңгелек үстел өтті», - дейді депутат.