ENRC акцияларын сату жөніндегі ұсыныстың ұзартылуы

Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі (әрі қарай «Директорлар кеңесі») ENRC компаниясы 3 маусым күні жария еткен, акцияларын сату бойынша ұсыныс жасау мерзімі 21 күнге ұзартылғандығынан хабардар болды.

 

Директорлар кеңесі Консорциум мүшелерінің сауалына жауап ретінде қабылданған бұл шешімді құптайды. Аталмыш шешім қосымша талқылау үшін қажетті уақытты қамтамасыз етеді және Консорциумға Қазақмыспен бірге ENRC компаниясының акционерлері және Тәуелсіз комитетіне ресми ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.

 

Директорлар кеңесі ресми ұсыныс жасалған жағдайда Kazakhmys PLC барлық акционерлерінің мүддесін барынша ескере отырып шешім қабылдайды. Қабылданған кез-келген шешім акционерлер тарапынан мақұлдануы тиіс.

 

Kazakhmys PLC компаниясы Директорлар кеңесінің Төрағасы Саймон Хил былай деп мәлімдеді: «ENRC-ң Тәуелсіз комитеті Консорциумға қосымша уақыт бергенін атап өткім келеді. ENRC корпорациясының қазіргі уақыттағы қиыншылықтарын ескерсек, бұл күрделі жағдай. Ұсыныс жасалған жағдайда, Kazakhmys PLC Директорлар кеңесі барлық маңызды жайттарды назарға ала отырып, алдағы уақытта да өзінің барлық акционерлерінің мүддесінде әрекет ететін болады».

Прочитано 3870 раз