Қазақмыс Тобы МКМ сатқандығы туралы хабарлайды

Қазақмыс Тобы Мansfelder Kupfer und Messing GmbH компаниясын (әрі қарай «MKM») €42 млн-ға еуропалық компанияға сатқандығын хабарлайды..

 

MKM – Топтың мыстан жартылай өңделген өнімдерді жасаумен айналысатын Германиядағы бөлімшесі. МКМ бөлімшесі Қазақмыс тобының құрамына Лондон қор биржасындағы листингке дейін, яғни 2004 жылы енді және  2010 жылы жарияланғандай, негізгі емес бизнес ретінде жіктелді.

Осы мәміленің нәтижесінде Қазақмыс €42 млн. алады, оның ішінде €12 млн-ы мерзімі ұзартылып өтелмек. МКМ  €137 млн. болатын қарызымен бірге сатылды. 2013 жылы Қазақмыс Тобына МКМ-нан €10 млн. мөлшерінде үлесақы төленген болатын.

Топтың Басқарушы бас директоры Олег Новачук мынадай мәлімдеме жасады: «MKM жақсы дамып келе жатқан бизнес болып саналады, алайда Тобымызды Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі жетекші компания ретінде дамытудың стратегиясына сай келмейді. Біз МКМ кәсіпорнының осы бизнеске берілген компанияға сатылғанына қуаныштымыз. Бұл келісім сол кәсіпорынның клиенттері мен қызметкерлерінің үздік мүдделеріне сай келеді. Біз МКМ компаниясының өркендеп, әрі қарай дамуына тілектеспіз».

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2012 жылы меншікті кеннен 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады - 2012 жылы 12,6 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электр станцияларының бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының 50 пайыздық үлесіне ие. Электр станциясында өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-тан 4 000 МВт-тық өз жобалық қуаттылығына жеткізуге мүмкіндік беретін модернизациялау бағдарламасы қолға алынған. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға қабілетті FTSE-100 компаниялар тізіміне кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2012 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,4 млрд. АҚШ долларын, ал сегменттік EBITDA көрсеткіші 1,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі Қазақстан азаматтары. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.

Mansfelder Kupfer und Messing GmbH – Германияның Хетштедт қаласында орналасқан, жартылай өңделген мыс өнімдерін және мыс құймаларын шығаратын ірі еуропалық өндірушілердің бірі. Кәсіпорында шамамен 1000 адам еңбек етеді.

Прочитано 3806 раз