02.05.2013
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемдерінің артуы 2012 жылы 16%-дан асты

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемдерінің артуы 2012 жылы 16%-дан асты

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемдерінің артуы 2012 жылы 16%-дан асты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Премьер-министрдің орынбасары - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Үкімет отырысында мәлім етті.

"2012 жылы өндіріс көлемдерінің артуы өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында байқалған: машина жасау - 16,2%, басқа да металдық емес минералды өнім өндірісі - 10,6%", - деді Ә.Исекешев.

Оған қоса, машина жасау саласындағы жалпы қосымша құн 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 71%-ға артты.

Сонымен бірге, 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін 1,9 есеге өсті, еңбек өнімділігі 17,1 мың АҚШ долларына дейін артты.

Бұдан өзге, машина жасау саласында продукция экспортының артуы байқалған. 2012 жылы экспорт көлемі 193 млрд теңгені құрады, 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін экспорт 4 есеге өскен.

Айта кету керек, мемлекеттік сатып алу жоспарларына тапсырыс берушілердің түзету енгізу нәтижесінде 2012 жылы 11,7 млрд теңге сомаға отандық автокөліктің 2 553 бірлігі сатып алынған.

Машина жасаудан басқа индустриялды кластерде перспективалы сала ретінде министр химия өнеркәсібін атап өтті.

Осылайша, химия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 2009-2012 жылдар аралығында 2,1 есеге артып, 180 млрд теңгені құрады, ал жоғары өңдеудегі химия өндірісінің экспорты 2009 жылға қарағанда 68%-ға артып, 75,8 млрд теңгені құрады.

Бүгінде ҮИИД МБ жүзеге асыру аясында Индустрияландыру картасы 11,2 трлн теңге сома болатын, құрылыс кезінде 220 мыңнан астам және пайдалану кезінде 181 мың жұмыс орнын құрумен қатар 779 жобадан құралған.

kt.kz