26.04.2013
Қостанай облысында өңделмеген алтын экспортының көлемі артты

Қостанай облысында өңделмеген алтын экспортының көлемі артты

 

Қостанай облысында өңделмеген алтын экспортының көлемі артты. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Галина Кисленкова мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қостанай облысында сыртқы тауар айналымы 316,4 млн долларды құрады. Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,8% кеміп отыр. Бұл республиканың сыртқы тауар айналымының 3,3% -на тең, аймақтар арасында біздің облысымыз 11 орында. Облыста сыртқы сауда сальдосы – 165,8 млн доллар»,-деді ол.

Басқарма басшысының мәліметіне қарағанда, Қостанай облысы әлемнің 70-тен астам елімен сауда-экономикалық қатынастар жасайды.

«Тауар айналымы құрылымында экспорттың үлесі 76%, импорттық операциялар үлесі 24%. Есептік кезеңде облыста экспорт көлемі 24,4% азайып, 241,1 млн долларды құрады. Қостанай облысында өндірілген тауарлар 25 елге экспортталады. Атап айтқанда темір рудасы өнімдері (79%), өңделмеген алтын (6%), ұн (5%), бидай (3%), асбест (2%)»,-деді Галина Кисленкова.

Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңделмеген алтын экспорты 25,4% артқанын айтты.

bnews.kz