26.04.2013
Тау-кен металлургиялық және өндіру секторы ең көп жарақат алу қаупі бар кәсіптер қатарына жатады

Тау-кен металлургиялық және өндіру секторы ең көп жарақат алу қаупі бар кәсіптер қатарына жатады

KIOSH-2013 көрмесінің басты тақырыбы кәсіпорындардағы еңбек қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік болды. Елордалық сақтандыру компаниясының мәліметтері бойынша, ең көп жарақат алу қаупі бар кәсіптер қатарына тау-кен металлургиялық және өндіру секторы, сондай-ақ, сервестік қызмет өкілдері мен темір жол және құрылыс жұмысшылары жатады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Кәсіпорындардағы еңбек қорғау қауіпсіздігінің деңгейін ғана көтеріп ғана қоймау керек, мәдениетінің де дәрежесін арттыру қажет. Осындай көрмелер мен конференциялардың арқасында біз тәжірибе жинаймыз», - деді, «Жол жөндеушi» компаниясы еңбек қорғау басқармасы бастығының орынбасары Саида Ұзақбаева.

Жыл сайынғы III халықаралық көрме мен KIOSH-2013 конференция Көрме орталығында өтті. Оған Ресей мен Украинадан 43 республикалық және халықаралық компанияның өкілі жиналды. Бұдан бөлек конференцияға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов, БДҰ ұлттық үйлестірушісі Әлия Қосбаева, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов, ЮНЕСКО микроэлементтер Институтының бас директоры Анатолий Скальный және басқа да еңбек қорғау мен экология өкілдері қатысты.

Көрме 28 сәуірдегі Бүкіләлемдік еңбек қорғау күніне орайластырыла өткізілді. Іс-шара өндірісте қаза тапқан жұмысшыларды бір минут үнсіз еске алумен ашылды. Көрме мен конференциядан басқа ертең шеберлік дәрістері мен мамандандырылған тақырыптар бойынша саланың жетекші компаниясын танытатын дөңгелек үстел мәжілістері өткізіледі.

bnews.kz