26.04.2013
«Молодежный» көмір кенішіне 30 жыл толды

«Молодежный» көмір кенішіне 30 жыл толды

Қарағанды өңіріндегі ең ірі көмір өндіруші кәсіпорын – Молодежный көмір кенішінің ұжымы 30-жылдығын тойлауда. Кен орны 1983 жылы игеріле бастаған және содан бері мұнда 156,5 млн. тонна көмір өндіріліп шығарылған. Өнімділігі жоғары жаңа техникалар сатып алудың арқасында кеніштің өндірістік қуаттылығын жылына 7 млн. тоннаға дейін артты. Кен орны Қазақмыс Тобының құрамына кіреді және Топ өндірген көмірдің жалпы көлемінің шамамен 90 пайызы аталмыш кенішке тиесілі. Өнімнің негізгі бөлігі Топ құрамындағы энергетикалық станцияларға жеткізіліп тұрады. Кеніште мыңнан астам адам жұмыс істейді. Көмір кеніші өндіріс алаңының ғана емес, сонымен қатар, жақын маңдағы Молодежный елді-мекенінің де тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымының жұмысын қамтамасыз етеді. Кеніштің балансында кәсіпорынмен қатар жеті мыңға жуық тұрғыны бар кентті жылумен қамтамасыз етіп отырған үш қазандық бар.

Қазақмыс пен Қарағанды облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік ынтымақтастықтың жылсайынғы кешенді жоспарларының аясында кәсіпорын мәдениет, білім беру, инфрақұрылымды дамыту секілді басты бағыттар бойынша жобаларды іске асырып, жергілікті халыққа қолдау көрсетіп келеді. Кәсіпорын сонымен қатар, Молодежный кентіндегі мәдениет үйі мен екі бала-бақшаны қаржыландырып келеді. Көмір кенішінің балансындағы спорт стадионы осы жылы жергілікті билікке сыйға тарту етілмек. 2012 жылы аталмыш нысанның жөндеуіне Қазақмыс 30 млн теңге қаражат бөлген болатын.

«Біз өз миссиямызды орындап келеміз және бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Біз өңірдегі кәсіпорындарды және жергілікті тұрғындарды көмір отынымен тұрақты түрде қамтамасыз етіп келеміз. Жақын болашақта шығаратын өнім сапасын жақсартуға, оның өзіндік құнын төмендетуге көп көңіл бөлмекпіз. Мұның барлығын қызметкерлеріміздің қолдауынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Сол жандарға қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, өндірістік қызметіндегі торқалы тойымен құттықтағым келеді», - деді өз сөзінде Қазақмыс Корпорациясы Бөрілі Көмір Департаментінің бас директоры Фарит Азизов.