25.04.2013
Қазақмыс 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижесін қорытындылады

Қазақмыс 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өндірістік нәтижесін қорытындылады

 

Қазақмыс Тобының 2013 жылдың алғашқы үш айындағы өндірістік нәтижелері негізгі өнім түрлері бойынша да, ілеспе өнім түрлері бойынша да осы жылға белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келіп отыр.

Кен өндіру мен өңдеу жұмысының үзіліссіз жүруінің арқасында катодты мыс өндірісі 73 мың тоннаны құрады. Өндірілген кен құрамындағы күміс мөлшерінің болжамдық көрсеткіштен артық болуы және де аяқталмаған ірі өндіріс көлемдерінің өңделуі 3,4 млн. унция түйіршіктелген күміс өңдеп шығаруға мүмкіндік берді. Алтын өндірісі 24 мың унцияны, ал концентраттағы мырыш өндірісі 32 мың тоннаны құрады.

Топтың негізгі энергетикалық кәсіпорны – Екібастұз ГРЭС-1 станциясы өндіріп шығарған электр қуатының таза көлемі - 3 681 ГВтсағ құрады. Ішінара жылы ауа-райына байланысты ішкі нарықта электр энергиясына деген сұраныстың төмендеуіне орай, бұл көрсеткіш 2012 жылдың бірінші тоқсанында өндіріліп шығарылған таза көлемнен 7 пайызға төмен болып отыр.

Өндіріс көлемінің өсуі арқасында Топ 2013 жылдың бірінші тоқсанында 75,6 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өткізді. Топтың негізгі өркендеу жобаларына инвестициялар салынып жатыр, сондықтан да таза берешек 2013 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша 956 млн. АҚШ долларын құрады.

Басқарушы бас директор Олег Новачук өз сөзінде былай деді: «Біз үшін ағымды жыл жылы ауа-райы мен біздің өнімге деген жақсы сұраныстың арқасында жақсы басталды. Барлық өндірістік көрсеткіштеріміз жоспарларымызға сай келіп отыр. Біз өркендеу жобаларымызға инвестиция салуды жалғастырып келеміз. 2012 жылдың желтоқсан айында Директорлар кеңесі мақұлдаған екінші ірі жобамыз - Ақтоғайда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Біз осы жыл ішінде нарықты да, қоғамды да өз іс-қызметіміздің нәтижелері жайлы хабардар етіп отырамыз».

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2012 жылы меншікті кеннен 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады - 2012 жылы 12,6 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электр станцияларының бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының 50 пайыздық үлесіне ие. Электр станциясында өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-тан 4 000 МВт-тық өз жобалық қуаттылығына жеткізуге мүмкіндік беретін модернизациялау бағдарламасы қолға алынған. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары бар.

Қазақмыс Тобы Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында айналымға кіреді; сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2012 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,4 млрд. АҚШ долларын, ал EBITDA (ерекше баптардығ қоспағанда) көрсеткіші 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.