17.04.2013
Батыс Қазақстанда биылғы бірінші тоқсанда 441,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Батыс Қазақстанда биылғы бірінші тоқсанда 441,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 441,4 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 7,6 пайызға артық.

Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 395,7 млрд. теңгені құрап, 5,3 пайызға артты. Соның ішінде табиғи газ 4,5, газ конденсаты 2,6 пайызға өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде 34,1 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғы бірінші тоқсандағыдан 63,1 пайызға көп. Әсіресе, мұнай өнімдерін өндіру 2,9, металлургия 2,5, резеңке және пластмасса бұйымдары 2,0 есеге, сусындар 17,1, киім 7,5, машина жасау 4,4, тоқыма бұйымдары 4, азық-түлік өндіру 3,0 пайызға ұлғайды.

Inform.kz