17.04.2013
Қазақстанның автоөнеркәсібін дамыту бағдарламасы талқылануда

Қазақстанның автоөнеркәсібін дамыту бағдарламасы талқылануда

 

Қазіргі кезде Қазақстанның автоөнеркәсібін дамыту бағдарламасы әзірленіп, құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілді.

Бүгін Астанада ҚР Машина жасаушылар форумы аясында журналистерге сұхбат берген ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, отандық машина жасау саласын дамыту бағдарламасы осыдан үш жыл бұрын қабылданған болатын. Ол құжатта автомобиль құрастыру мәселесі кеңінен қарастырылған жоқ. Бүгінде Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша біз оның аясын кеңейтіп,   бағдарламаның жаңа нұсқасын құзіретті мемлекеттік органдардың қарауына жібердік. Онда көрсетілген ұсыныстардың барлығы тиісті деңгейде қаралады деген сенімдеміз», - деп атап көрсетті А.Рау.

Айта кетейік, ертең, 17 сәуір күні Астанада ресми түрде ашылатын ҚР Машина жасаушылар форумы барысында Қазақстанның автоөнеркәсібін дамыту бағдарламасы  жан-жақты талқыланбақ.

inform.kz