13.04.2013
Жер қойнауын пайдаланушылардың тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі өзгерді

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауар, жұмыс пен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі өзгерді

Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жаңартылған қағидалары бекітілді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпарат басқармасы.

«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» және «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жаңартылған қағидалары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен бекітілді», - делінген хабарламада.

Осы қағидалар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес әзiрлендi.

Қағидалар жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды регламенттеуге бағытталған және қатты пайдалы қазбаларға да, көмірсутек шикізатына да арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушыларға жеке сатып алу ережелерін ұстайды.

Қағидалар мынадай негізгі жаңалықтарды көздейді: жер қойнауын пайдаланушылардың «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурстық құжаттамаларды орналастыруы; тапсырыс берушiлердің электрондық сатып алу жүйесі арқылы сатып алу қорытындысын жасауы; Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық дамыту институты қалыптастыратын және жүргізетін тауарлар, жұмыстар, қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорында тіркелген жалғыз жеткізуші болып табылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді қазақстандық өндірушіден бiр көзден сатып алу; егер де ондай тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алудың орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларымен көзделсе ұзақ мерзімді сатып алу келісімшарттарын жасасу;

Бұдан басқа, Қағидаларда, енді екі кезеңде өтетін ашық конкурс тәсiлiмен сатып алуды жүзеге асыру тәртібі жаңартылған: баспа басылымдарында ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастыру, конкурстық өтінімдерді жинау, конкурстық комиссияның конкурстық өтінімдерді ашық конкурсқа қатысуға рұқсат хаттамасын жасай отырып, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестікке ашу; ашық конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті жеткізушілердің әрбір лот бойынша конкурстық баға ұсыныстарын ұсынуы, конкурстық баға ұсыныстарын қарау және қорытындылау хаттамаларын жасай отырып, ашық конкурстың жеңімпазын айқындау, ашық конкурстың жеңімпазымен шарт жасасу.

Жалпы Қағидалар отандық өндірушілерді қолдау үшін бағыталған, олар өз кезегінде отандық өндірушілерге өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дүниежүзілік экономикаға алдағы интеграциялық үдерістерге дайындалу мүмкіндігін ұсынады.

BNews.kz