12.04.2013
Оралда арматура зауыты басшысына бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды

Оралда арматура зауыты басшысына бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды

 

Батыс Қазақстан облысының қаржы полицейлері «КазАрмаПром» ЖШС басшысына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі БҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, қылмыстық іс 2013 жылдың наурыз айының соңында ҚР ҚК-нің 177 бабы, 3 бөлімімен қозғалған. 

Департаменттің баспасөз хатшысы А.Бүркітбаеваның сөзіне қарағанда, «КазАрмаПром» ЖШС басшысына «БМ-Costa», «Фортис-Финанс», «ЖайыкСпецКурыласСервис» және «Сельпромсервис» ЖШС-нің жалған бухгалтерлік құжаттарын пайдалана отырып, бюджетке төленген салықтың 64 млн теңгесін қайтарып алды деген айып тағылған.

Әзірге қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, өзге ақпарат таратылмайды, деді қаржы полициясының баспасөз қызметі.