12.04.2013
ҚДБ Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 17 жобаға қолдау білдірген

ҚДБ Үдемелі индустрияландыру бағдарламасы аясында 17 жобаға қолдау білдірген

 

Қазақстанның даму банкі Үдемелі индустриялық-инновациялық баму мемлекеттік бағдарламасын аясында еліміздің 11 өңірінде 17 жобаны пайдалануға берді. Бұл туралы бүгін банктің бір жылдық жұмысының қорытындысы айтылған баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрі орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі әрі Қазақстан даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Қазақстанның даму банкінің» қолдауымен Үдемелі-индустриялық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының аясында еліміздің 11 аймағында 17 жоба пайдалануға берілді. Жалпы, құны 7 млрд доллардан асатын 22 индустриялық жобаның жартысы қазір қаржыландырылса, жартысы алдағы уақытта қаржыландырылады. Пайдалануға берілген ірі жобалардың ішінде Тараз металлургия зауыты, Екібастұздағы вагон шығару зауытын ата өтсе болады»,- деді Индустрия және жаңа технологиялар министрі.