11.04.2013
Қазақмыс «Қазақстандық Өнім Жасаймыз» атты IV Форум өткізді

Қазақмыс «Қазақстандық Өнім Жасаймыз» атты IV Форум өткізді

 

Бүгін Қазақмыс Тобы Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстандық өнім жасаймыз» атты IV форумды өткізді. Форум әдеттегідей, мемлекеттік салалық ведомстволардың және даму институттарының өкілдерінің, ірі индустриялық компаниялардың басшыларының, сондай-ақ еліміздің әртүрлі аймағынан келген кәсіпкерлердің басын қосты. Биылғы жылы форумның жұмысына 800 делегат қатысты. Форумды Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев ашты. Мемлекеттік салалық ведомстволар мен даму институттарының өкілдері отандық үлесті дамытудағы тәжірибелері мен бағдарламалары туралы айтып берді. Қазақмыс Тобының басшылығы компанияның қызметі, сатып алу саясаты, қызметін жүргізіп отырған аймақтардағы шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде және жаңа кәсіпорындарды ашу туралы мәлімдеме жасады.

Форум аясында өз өнімдерін болашақ серіктестеріне ұсынған тауар өндірушілердің көрмесі өтті. Форумға қатысушылар арнайы сессия барысында өндірісті, тауар жеткізу, өндірушілерді қолдау, жаңа өндіріс орындарын ашу, қолданыстағыларын модернизациялау мәселелері мен ынтымақтастықтың басқа да мәселелері бойынша пікір алмасты. 2012 жылғы жұмыс нәтижелері бойынша адал ынтымақтастықтары үшін Қазақмыс Тобының үздік серіктестері дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Қазақмыс қызметіндегі артықшылықтардың бірі - жергілікті өндірушілерді қолдау және өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру есебінен жергілікті экономиканы әртараптандыруға көмектесу, сондай-ақ аймақ тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттыру болып табылады. Қазақмыс Тобы шағын және орта бизнесті өркендету мақсатымен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге және өндіруге кепілдендірілген және ұзақмерзімді тапсырыстар, алаңдар мен кешендерді ұсыну түрінде отандық тауар өндірушілерге елеулі қолдау кқрсетіп отыр. Осының арқасында компания төңірегінде жергілікті тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерден құралған «белдеу» қалыптасып келеді.

2012 жылдың 12 айында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС 252 млрд теңгенің тауарларын, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алды. Соның ішінде тауарлар – 134 млрд теңгені, жұмыстар мен қызметтер - 118 млрд теңгені құрайды. 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, корпорацияның жалпы сатып алулары 57 млрд теңгеге немесе 29 пайызға артты. Қазақстандық үлес жалпы сатып алулардың 62 пайызын құрайды, оның ішінде жұмыстар мен қызметтердегі қазақстандық үлес – 99 пайыздан астам. Қазақстандық кәсіпорындардан сатып алу (СТ-КZ сертификаттарын есепке алғанда) 157 млрд теңгеге жеткен, ол 2011 жылдағыға қарағанда 44 млрд теңгеге артық.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай өз сөзінде былай деді: «Қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі мемлекет саясатын іске асыру мақсатында Қазақмыс Тобы елеулі жұмыс атқарып келеді. Республикамыздың өнеркәсібі экономикалық дамудың жаңа деңгейіне көтерілгендігін ескере отырып, біз өз өнімдерінің сапасын әрі тұтынатын тауарлар қатарын ұдайы өсіріп отыратын компаниялармен ынтымақтастықта мүдделіміз. Бұған қоса біз серіктерімізді өз өнімдерін өткізу үшін жаңа нарықтарға бағыттаймыз. Ал бұл өз кезегінде аймақтар экономикасының дамытуына оң әсер етеді».

РЕДАКТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕЛЕР

Қазақмыс - мыс, алтын, мырыш, күміс, электр энергиясын өндіруде елеулі активтері бар, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеумен айналысатын халықаралық жетекші топ болып табылады.

Қазақмыс - Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші әрі 16 кенішке, 10 тау-кен фабрикаларына және екі мыс балқытушы өндірістік кешенге ие болып отырған әлемдегі алыңғы қатарлы мыс өндіруші болып табылады. Тау-кен өндірісі кен өндіруден бастап мыс катанкасын және катодты мыс түріндегі дайын өнім шығаруға дейін толықтай интеграцияланған. 2012 жылы меншікті кеннен 292 мың тонна катодты теңгерімдегі мыс өндірілді. Бұл өндіріс электр энергиясының ішкі тасымалдарымен және ауқымды теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз етіліп тұрады.

Kazakhmys Mining бөлімшесі басқа да металлдардың ауқымды көлемін, соның ішінде мырыш, күміс және алтын өндіріп отыр. 2012 жылы Қазақмыс 152 мың тонна мырыш концентратын өндірді. Топ әлемдегі ең ірі деген он күміс өндірушінің бірі боп табылады - 2012 жылы 12,6 млн. унция күміс өндірді.

Kazakhmys Power Қазақстандағы ең ірі электр станцияларының бірі болып табылатын Екібастұз ГРЭС-1 көмір электр станциясының 50 пайыздық үлесіне ие. Электр станциясында өндірістік қуаттылығын 3 000 МВт-тан 4 000 МВт-тық өз жобалық қуаттылығына жеткізуге мүмкіндік беретін модернизациялау бағдарламасы қолға алынған. Kazakhmys Power бөлімшесінде Kazakhmys Mining бөлімшесін электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыратын электр станциялары бар.

Қазақмыс Тобының құнды қағаздары Лондон қор биржасында және Гонконг қор биржасында, сондай-ақ Қазақстан қор биржасында (KASE) да саудаланып келеді. 2012 жылы Топтың ағымдағы қызметінен келген табысы 3,4 млрд. АҚШ долларын, ал сегменттік EBITDA көрсеткіші 1,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Топта шамамен 60 000 адам жұмыс істейді, басым бөлігі қазақстандық азаматтар. Қазақмыстың стратегиялық мақсаты – өндірістік активтерді оңтайландыру, өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру және де Орталық Азиядағы ауқымды табиғи ресурстарды игеру мүмкіншіліктерін кеңейтуге қатысу.