11.04.2013
«Қазгеология» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

«Қазгеология» АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

2013 жылдың 10 сәуір күні Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министірі Әсет Исекешевтің № 110 бұйрығымен Нұржанов Ғалым Жұмабайұлы «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы боп тағайындалды. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ғалым Нұржанов 1980 жылы 11 желтоқсанда Жезқазған қаласында туған.

С.Н. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты жобалау» мамандығы, «тау-кен инженері» дәрежесінде бітірді. Сондай-ақ, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетін тәмамдады. Еңбек жолын 1999 жылы ««Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-інде үңгуші кенші болып бастады.

2002 жылдан 2004 жылға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде Пайдалы қазбалар департаментінің жетекші маманы, бас маманы қызметін атқарды.

2004 жылдан 2006 жылға дейін -«Dzet Group» ЖШС Астана қаласы бойынша филиалы өндірістік саласының сарапшысы.

2006 жылдың ақпан-қазан айларында Астанадағы «Raising Star Ltd» ЖШС-нің атқарушы директоры.

2006 -2007 жылы «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС-і тау-кен істері бойынша жобалар жетекшісі - бас инженер.

2007-2008 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар департаменті бас инженері.

2008 - 2010 жылдары «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ Пайдалы қазбалар және жер қатынастары департаментінің директоры .

2010- 2011 жылдары - «Үшгер» тау-кен - химия компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Шымкент қаласы.

2011-2012 жылдары - «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ атқарушы директоры. 2012 жылы қазан айынан «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, одан кейін міндетін атқарушы. Үйленген, екі баласы бар.

BNews.kz