10.04.2013
Астанада Қазақстандағы машина жасау мәселелері талқыланады

Астанада Қазақстандағы машина жасау мәселелері талқыланады

 

16 -17 сәуір күндері Астанада ҚР  Машина жасаушылардың форумы өтеді.

«Қазақстандағы машина жасау саласын дамытудың болашағы» тақырыбындағы форум барысында бірнеше мәжілістер өткізіледі. Онда отандық машина жасау саласының өзекті мәселелері - тиімді мемлекеттік реттеу, инновацияларды енгізу және халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану жайы талқыға түспек. Форумның пленарлық мәжілісі 17 сәуірге белгіленіп отыр.

ҚазАқпарат