08.04.2013
Қазақстанда Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады

Қазақстанда Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады

 

Қазақстанда Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады, ол мемлекеттік озық геологиялық орталыққа айналады, деп хабарлайды Primeminister.kz.

«Қазақстанда ҚР Геологиялық зерттеулер орталығы құрылады, ол мемлекеттік озық геологиялық орталыққа айналады. Геологиялық зерттеулер орталығын құруды ұсындық. Оған қатысты жұмысты біз бастап кеттік»,- деді «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ғалым Нұржанов.

Сонымен қатар, ол ҚР Геологиялық зерттеулер орталығы еліміздің өндірістік, ғылыми және білім беру әлеуетін іргелі негізде инновациялық идеялардың озық тәжірибесін, шет елдердің мысалдары бойынша «Қазгеология» АҚ базасында геологиялық барлау әдістерін жасау және енгізудің құзырет орталығы болады.

Орталық қызметінің негізгі бағыттарының бірі халықаралық стандарттар бойынша геологиялық-геофизикалық, ұңғымалық және геохимиялық мәліметтерді кешендік интерпретация, біріктірілген талдау, пайдалы қазбалардың болжанатын ресурстары мен қорларын компьютерлік модельдеу және бағалау болып табылады.

Бұдан өзге, орталық зертханалық-талдау, геохимиялық зерттеулермен, сонымен қатар пилоттық, тәжірибелі-өнеркәсіптік және ғылыми-эксперименттік жұмыстармен айналысады.

Атап өткен жөн, орталықта жыныс үлгілерін зерттеулерге дайындауға және сақтауға арналған керн қоймасы мен палеонтологиялық және минералды-петрографиялық мұражай орналасады. Бүгінгі таңда Назарбаев Университеттің орталыққа арнап жер телімін ұсынуға дайын екендігі белгілі.

Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев атап өткендей, аталған «орталық зертханалық саябақтар, мұражайлар орналасқан геологтар қаласы болмақ, орталықтың тұжырымдамасы осы айдың соңына дейін дайын болады».

BNews.kz