05.04.2013
ENRC және Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

ENRC және Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойды

 

2013 жылға ENRC және Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады «Қазхром» ТҰК баспасөз хатшысы Инесса Фадеева.

Меморандумға ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис пен Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қол қойды. Биылғы жылы ENRC меморандум аясында шамамен 700 млн теңге бөледі. Қаржыландыру «ENRC Көмек» және «Қазхром» ТҰК корпоративтік қорымен жүзеге асады», – деп хабарлады Инесса Фадеева.

«ENRC жыл сайын өңір үшін маңызды жобаларды қаржыландырады. Соңғы үш жылда корпорация облыстың дамуына 2,5 млрд теңге бөлді. Жобалардың қатарында Ақтөбе және Хромтау қалаларында тұрғын үйлер салу, Хромтауда балабақшаларды күрделі жөндеуден өткізу, облыстық кәсіби-техникалық білім беруді қолдау, Хромтауда парк зонасын абаттандыру мен аймақтағы тағы басқа жобаларға қолдау көрсету бар», - деп ойымен бөлісті баспасөз хатшысы.

BNews.kz