02.04.2013
ENRC корпорациясы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

ENRC корпорациясы мен Павлодар облысының әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

 

ҚазАқпарат

ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) Павлодар аймағының әлеуметтік саласының дамуына қолдау көрсетеді.

Бүгін ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис және Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады корпорацияның баспасөз қызметі.

Меморандумның жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады. Қаржыландыру «ENRC Көмек» корпоративтік қоры арқылы, сондай-ақ ENRC-дің құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ арқылы жүзеге асырылады.

Меморандум талаптарына сәйкес компания тараптармен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортқа бағытталған жобаларды қаржыландырады. Қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындардың тұрмысы төмен бөлігіне қолдау көрсететін мекемелерге көмек береді. Барлық тізім бойынша 50-ден аса атаулы көмек пен жоба бар. Олардың арасында ерекше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қаржыландыруды атап өткен жөн. Бұл Павлодар қаласында жаттығулар мен жарыстарды өткізу үшін спортта дарынды балаларға жүзу бассейнінің құрылысына, Ақсу қаласындағы «Спорттық-сауықтыру кешені» инвестициялық жоба құрамында жазғы ойын алаңын жайластыруына демеушілік көмек, оған 900 млн теңге қарастырылды.

Дәстүрге айналған білім беру және арнайы мамандандырылған балалар мекемелеріне көмек көрсету жалғастырылады. Баянауыл ауданындағы Үшқұлын мектебі, Павлодардағы балалар бақшасы, отбасылық балалар ауылы, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту облыстық орталығы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жабдықтар мен жиһаздар сатып алуға қайырымдылық көмек алады. Бұрынғыдай, ардагерлерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларға және басқа да әлеуметтік қорғалмаған қалың бұқара топтарға көмек көрсету - меморандумда бұрынғыдай басымдықты орын алады.

Сонымен қатар, Ақсу қаласының әкімдігіне компания  90 млн теңге жұмсап салған тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерін ақысыз тапсыраады.

«Павлодар облысында біздің ондаған мың әріптестеріміз жұмыс істейді, аймақтың дамуы және оның тұрғындарының аман-саулықта болуы корпорация әлеуметтік саясатының аса маңызды артықшылықтарының бірі болып табылады. Біз бұдан әрі де бірлескен жобаларымызды жүзеге асыру үшін, барлық күш жігерімізді саламыз», - деп атап өтті қол қою рәсімінде Феликс Вулис.

Соңғы тоғыз жыл бойы ENRC жыл сайын топ кәсіпорындары орналасқан еліміздің төрт аймағында барынша маңызды әлеуметтік-экономикалық жабаларды қаржыландырып келеді. Бұрын ENRC Қостанай және Қарағанды облыстарының атқарушы органдарымен 2013 жылға ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойып келеді. Алдымызда - Ақтөбе облысы әкімдігімен осындай  келісім жасау кезекте тұр. Төрт аймақ бойынша ағымдағы жылға ENRC копорациясының қаржылық көмек сомасы 4,4 млрд теңге шамасын құрайды.