01.04.2013
Қарағанды облысы әкімшілігі мен ENRC корпорациясы әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ

Қарағанды облысы әкімшілігі мен ENRC корпорациясы әлеуметтік жобаларды бірлесіп жүзеге асырмақ

Қарағанды облысы әкімшілігі мен Eurasian Natural Resources Corporation PLC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) арасында 2013 жылғы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ENRC Корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Тиісті құжатқа ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис пен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев қол қойды.

«Дәстүр бойынша тараптар ірі бизнеске қолдау көрсетуді талап ететін бірқатар басым бағыттар таңдап алынған. Жекелей алғанда, корпорация денсаулық сақтау, білім, мәдениет пен спорт, сонымен бірге тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсетуге бағытталған жобаларды қаржыландыруды жалғастыруда. Меморандумның жалпы құны 587 млн теңгені құрайды. Қаржыландыру ENRC құрамына енетін «Казхром»ТҰҚ» АҚ мен «ENRC Көмек» корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылатын болады», - делінген хабарламада. 

Айталық, 120 млн теңге Қарқаралы қаласында орналасқан мүгедектердң оңалту орталығын толықтай жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға бағытталатын болады. Тағы 50 млн теңге көлеміндегі демеушілік көмек Қарағандыдағы теннис орталығы мен «Қарағанды Арена» мұз сарайы құрылысын аяқтауға бөлінеді. Баршино, Жараспай және Кертінді ауылдарының балалары үшін жалпы құны 33 млн теңгенің жаңа спорт және ойын алаңдары тұрғызылады. Бұған қоса, елді-мекендердің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірнеше жобалар қаржыландырылып, әртістер мен спортшыларға демеушілік көмек корсетілетін болады. 

«Бүгінгі күні ENRC корпорациясы аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешуде белсенділік танытып жүргендігін дәлелдеп келеді. Бұл жобалар әкімшілікпен бірлесе отырып белгіленгендігін атап өткен жөн. Бұл қаржылай демеуді қажет ететін басым бағыттар, яғни, Қарағанды облысы тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруы жолындағы нақты көмек болып табылады», – деп атап көрсетті меморандумға қол қою шарасы барысында Феликс Вулис. 

ENRC осымен тоғыз жыл көлемінде Топтың кәсіпорындары орналасқан аймақтардағы ең маңызды деген әлеуметтік-экономикалық жобаларын жыл сайын қаржыландырып келеді. Ағымдағы жылда төрт меморандум аясындағы жобалардың жалпы құны шамамен 4,4 млрд теңгені құрады.

Осыған дейін ENRC Қостанай облысының әкімшілігімен арадағы 2013 жылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі әріптестік туралы Меморандумға қол қойған болатын. Келесі кезекте Павлодар мен Ақтөбе облыстары әкімшіліктерімен де осындай келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.

BNews.kz