27.03.2013
Kazakhmys 2012 жылы өткен жылғы табысқа қарсы $2,27 млрд көлемінде таза шығынға батты

Kazakhmys 2012 жылы өткен жылғы табысқа қарсы $2,27 млрд көлемінде таза шығынға батты

Халықаралық таукен өндіруші Kazakhmys Plc компаниясы 2012 жылдың қорытындылары бойынша өткен жылғы табысқа қарсы $2,27 млрд көлемінде таза шығынға батты, делінген компанияның хабарламасында.

Компанияның түсімі бір жылда 3,35 миллиард долларға дейін 5,9%-ға қысқарып, операциялық табыс 368 миллион долларды құрап, 70%-ға түсті.

EBITDA көрсеткіші 2012 жылы 1,912 миллиард долларға дейін 34,6%-ға төмендеді.

Қазақстан жаңалықтары АА