26.03.2013
Қазақмыс 2013 жылы Жезқазған аумағында геологиялық барлауға шамамен Т1 млрд жұмсайды

Қазақмыс 2013 жылы Жезқазған аумағында геологиялық барлауға шамамен Т1 млрд жұмсайды

«Қазақмыс» тобы 2013 жылы Жезқазған аумағында геологиялық барлауға шамамен 1 миллиард теңгені жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаевтың кәсіпорынды аралау қорытындыылары бойынша.

Бақытжан Сағынтаев Сәтбаев қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенін қарады және корпорацияның технологиялық колледжіне барды. Одан басқа, бірінші вице-премьер «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тиесілі Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасына барды. Кеніш 1966 жылы Жезқазғандағы мыс кен орындарында жер астын пайдалану және мыс алу үшін жасалған, сонымен қатар, тау-кен бөлуде 408 га көлемі шегінде жұмысты жүзеге асырады. Кеніштің жылдық жобалық және нақты өнімділігі 6205 мың. тонна кенді құрайды. Жұмыс істейтін қызмткерлердң саны 1475 адам.

Жұмыс сапарының қорытынды кезеңінде Бақытжан Сағынтаев 2012-2017 жылдарға арналған Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша кешенді жоспар шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты тыңдады.

Республикамыздағы 27 моноқалалардың сегізі Қарағанды облысында орналасқан, солардың ішінде Жезқазған мен Сәтбаев қалалары екенін жақсы білеміз. Бірінші вице-премьер облыс әкімдігіне аталған моноқалалардың «зәкірлі» инвестициялық жобаларын іске асыруды тұрақты түрде бақылауда ұстауын тапсырды. Сонымен қатар, орындаушы билік органдары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін кең пайдаланып, жаңа өндірістердің құрылуына гранттар беру қажет екенін айтып өтті.

Қазақстан жаңалықтары АА