21.03.2013
Қазақстан Республикасы үкімет басшысының бірінші орынбасары мен Қарағанды облысының әкімі Қазақмыс тобының жезқазғандағы кәсіпорындарына сапармен барды

Қазақстан Республикасы үкімет басшысының бірінші орынбасары мен Қарағанды облысының әкімі Қазақмыс тобының жезқазғандағы кәсіпорындарына сапармен барды

Жезқазған аймағына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Қазақмыс Тобының басшылығымен кездесіп, компанияның бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарын аралап көрді.

Мәртебелі меймандармен кездесу барысында Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук минералдық-шикізат базасын ұлғайту, инвестициялық бағдарламаны іске асыру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы әрі компанияның аймақтағы әлеуметтік қызметінің қазіргі нәтижелері мен өндірістік болжамы туралы айтып берді.

2013 жылы Қазақмыс Тобы Жезқазған аймағындағы геологиялық барлау жұмыстарына шамамен 1 млрд. теңге инвестиция бөлуді жоспарлап отыр. Іздестіру жұмыстарын Жезқазған мен Жыланды кен орындары тобының флангтерін қамти отырып, Жезқазған ойпатының орталық бөлігінде жүргізу жоспарланған. Итауыз кен орнында тау-кен жұмыстары жүргізілуде, Жомарт кенішінің екінші кезегінің құрылысы жоспарлануда, Қыпшақбай және Қарашошақ кен орындары үшін ТЭН дайындалуда.

Қазақмыстың алдағы бес жылға жоспарланған жалпы инвестициялық бағдарламасының сомасы 6 млрд. АҚШ долларынан асады. Барлық инвестиция Қазақстанда игерілетін болады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір ғана Жезқазғанның өзінде компания металлургиялық қайта балқыту жабдықтарын жаңғыртуға 30 млн АҚШ долларын бөлмек. Алдағы бес жылда Жезқазған аймағының энергетикалық кешенін дамытуға 100 млн АҚШ доллары бөлінеді.

Қазақмыстың Жезқазған аймағы бойынша әлеуметтік инвестициялары жылына шамамен 7 млрд. теңгені құрайды. Әлеуметтік нысандарды ұстауға, қайырымдылық пен демеушілікке жұмсалатын инвестициялардан басқа Қазақмыс Тобы өз қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударып келеді. Осылайша, Жезқазғанда 62 әлеуметтік-өндірістік нысандардың (ӘТК, асханалар, сауықтыру бөлмелері, жатақханалар) әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда. 2013-2014 жылдары оған шамамен 3,5 млрд. теңге жұмсау жоспарланған. Қазақмыс, сонымен қатар, аймақта шағын және орта бизнестің дамуына қолдау көрсетіп келеді. Қазақмыстың бастамасымен, аймақта жаңа өндірістерді іске қосып, жаңадан жұмыс орындарын ашу, жергілікті тауар өндірушілер мен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру және қолдау мақсатында, Жезқазған кәсіпкерлерінің Қауымдастығы құрылды. Бүгінгі күні Қауымдастықтың құрамына 38 орта және шағын кәсіпкорын кіреді.

Қазақмыс Тобының басқарушы Бас директоры Олег Новачук өз сөзінде: «Біз, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев пен Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевті аймақта атқарылған және бүгінгі күні іске асырылып жатқан жұмыстар жайында ғана емес, болашақ жоспарларымыздан да хабардар ету мүмкіндігі болғанына қуаныштымыз. Жезқазған – біздің ең ірі өндіріс алаңымыз. Бүгінгі кездесулер мемлекетіміздің аймаққа деген, оның дамуына деген айрықша мүдделілігін байқатады және біз осы бағытта тиімді ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатындығына сенеміз»-деді.